SABAQ.ONLINE

ҰБТ-ДАН ЖОҒАРЫ БАЛЛ АЛУ ҮШІН ЖОСПАР ҚҰР

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған оқушылар дайындықты ұзақ мерзімді стратегиядан бастайды. Бәрін мұқият жоспарлайды.

Олар өз басымдықтарын анықтап, әр пән бойынша нақты мақсаттар қойды. Қандай тақырыптар немесе бөлімдер қиынырақ, соған мән береді. Оны тереңдетіп оқуды анықтау үшін әрбір пәнге талдау жасайды.

Түлектер материалдың күрделілігіне, күшті және әлсіз жақтарына қарай уақыт пен ресурстарды бөлетін икемді жоспарды әзірлейді. ҰБТ-ға қалған әр күнді пайдамен өткізеді. 

Олар өздеріне адал болды. Лайфхак: жоспар бойынша бір күніңді пайдасыз өткізсең, ол үшін өзіңе штраф төлейсің. Бұл бір күнде 3-4 пробный тест тапсыру немесе оқитын тақырыптар санын арттыру болуы мүмкін. Өзіңді алдама!

Көп түлектің жіберетін қателігі - тек таңдау пәндеріне көңіл болу. Тіпті, оқу сауаттылығына дайындалатын оқушылардың саны өте аз. Оқу сауат, мат сауат, қаз тарих сынды пәндер дайындықты талап етеді. Сол себептен 5 пәнге де дайындалған жөн.

Олар әр күні түнде ұйықтарда, апта соңында, ай соңында өздеріңе есеп береді. Прогресс қаншалықты өскен не құлдыраған, қандай плюстар болды, осы сынды анализ жасайды. Әрине, егер айды жақсы қорытындыласа, өзіңе сыйлық жасайды.

Лайфхак: Тик токтан көрген шығарсыңдар, кейбір түлектер үйдегілермен бәстескен. Егер грантқа түссе не 120+ балл жинаса, ата-анасы айфон, макбук сынды құнды заттар әпереді. Бағалы сыйлықты мектеп бітіргенін үшін емес, маңдай теріңмен алғанын әлдеқайда жақсырақ!

Лайфхак: Көп оқушы мотивация болу үшін түскісі келетін университет суретін шығарып алады. Оның көз көретін жерлерге жабыстырады. Бұл, мейлі тоңазытқыш, дәптер, қабырға. Көрген сайын дайындыққа мотивациясы артады.

Қарапайым кеңестер сен үшін пайдалы болуы мүмкін. Сондықтан оны іске жарат!

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді