Тайм-менеджмент деген не?
Ағылшын тілінен аударғанда — уақытты басқару. Ендеше, саған ҰБТ-ға дайындық барысында уақытты дұрыс басқару қабілеті керек болады. Тайм-менеджмент бойынша төмендегі кеңестерге құлақ түрсең, оқуың жемісті болатынына сенемін:
1) Келер күннің негізгі үш мақсатын түнде қою;
2) Артық нәрселерге «Жоқ» деп айта алу;
3) Күн сайын мақсатқа бір қадам жасау.
«Pomodoro» деген не?
«Pomodoro» — өзіңді қатты шаршатпай оқуға (немесе жұмыс істеуге) негізделген әдістің атауы. Яғни, 25 минут оқып, 5 минут демалу принцпімен 2-3 сағаттай тынбай білім алуға болады. Әсіресе, өз уақытың өз қолыңда болғанда миыңды қатты шаршатып жібермей, көп уақыт бойы оқи аласың. Демалыс уақытында 5 минут серуендеуіңе, жаттығу жасауыңа, әлдекіммен сөйлесуіңе болады. Тек орныңда отырып телефон шұқыламасаң болғаны.
Флеш-карточка деген не?
Флеш-карточкалар — саған ақпаратты ұзаққа есте сақтауға көмектесетін қағаздар. Оның жай қағаздан айырмашылығы не?
1) Арнайы төртбұрышты «для заметок» деген парақтар сатып алу немесе дәптер парағын қалауыңа қарай 4-ке немесе 6-ға бөлу;
2) Оқитын пәнің мен оның ішіндегі параграфты таңдау;
3) Оның бір жағына сол параграфтан алынған сұрақ, екінші жағына жауап жазу;
4) Сұрақ пен жауапты құрастырғанда оның қиын болып кетпеуін қадағалау;
5) Скрепкамен бір тақырып бойынша жасалған флеш-карталарды жинап, үстіңгі жағына бір ақ қағаз қойып, тақырып пен карталардың жасалған уақытын жазып қою.
6) Уақыт интервалдарымен қайталау: Бүгін картаны жасадың ба, ертең қайталайсың, ертеңнен кейінгі 3 күннен соң, сосын 7 күннен соң, сосын жарты ай, сосын 1 ай, сосын 3 ай, жарты жыл, т.с.с. қайталай бересің.
7) Ұмытылып қалған карталарды қайтадан басынан бастап қайталу керек.
Флеш-карталармен жұмыс жасау қиын болып көрінуі мүмкін, бірақ байқап көру керек, әдетке айналдыру керек, сонда күніне 15 минуттан артық уақыт кетпейтінін түсінуге болады. Бірден емес, бір ай флеш-карталар пайдаланған соң есте сақтау қабілетіңе рахмет айтасың. Себебі, қайталанбаған білім — өлген білім.
Біз ұсынған кеңесті пайдаңа жарат!