SABAQ.ONLINE

Сыни ойлау қабілетін дамыту

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Сыни тұрғыдан ойлау ХХІ ғасырдағы ең пайдалы дағдылардың бірі екені сөзсіз. Бұл дағды сізге мектепте оқып жүргенде немесе емтиханға дайындалғанда ғана емес, сонымен қатар жоғары білім алу кезінде, тіпті мансап сатысымен көтерілу кезінде де қажет болады.

Сонымен, сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Бұл алынған ақпаратты талдау және бағалау, оны сауатты өңдеу: қорытынды жасау, себеп-салдарлық байланыстарды табу, өз пайымдауларын жасау.

Сыни тұрғыдан ойлау оқу, ҰБТ-ға дайындық барысында біз сүйенетін көздерді таңдауға көмектеседі, себеп-салдар байланыстарын көруге, ақпаратты жалпылауға және құрылымдауға, өз позициямызды дәлелдеуге және басқалардың позицияларындағы әлсіздіктерді көруге үйретеді. Тарих, философия, саясаттану, қоғамтану салаларында  біртұтас ұғым жоқ болғандықтан, пайымдай білу қажет пәндерді оқығанда сыни тұрғыдан ойлау маңызды. Сын тұрғысынан ойлау деңгейі неғұрлым жоғары болса, мектеп бағдарламасы мен университет бағдарламасын меңгеру соғұрлым жеңіл болады.

Сыни ойлауды дамыту үшін – оқыған, көрген, естіген дүниеге анализ жасау қажет. Автордың идеясын қарастырыңыз: автор мұны не үшін жазды және ол аудиторияға не айтқысы келді? Мәтінде қандай мәселе бар? Оны шешудің бірнеше жолдарын ойлап табыңыз; автор өз ұстанымын қалай дәлелдейді? Ұзақ пайымдаулардан нақты фактілерді ажырату; жасырын мағыналар мен астарлы мәтіндерді іздеу, бейнелеуге назар аудару қажет. Айтпақшы, бұл дағды оқу сауаттылығынан сүрінбей өтуге көмектедеседі. 

Сіздерге сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жолын ұсынамыз:

Оқығаныңызды және естігеніңізді тексеруді әдетке айналдырыңыз.

Беделді пікір мен ішкі сенімнің ықпалына жол бермей, пайымдауларды талдаңыз.

Пікірталасқа қатысып, логикалық жұмбақтарды шешіңіз.

SWOT талдауын меңгеріңіз әрі көптеген мәселелерді, тақырыптарды осы талдаумен оқыңыз.

Синквейндер көмегімен сыни ойлауды белсендіріңіз.

 YouTube сайтында сарапшылардың лекцияларын қараңыз немесе курстардан өтіңіз.

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді