SABAQ.ONLINE

Бәріне қалай үлгерсем болады?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

ҰБТ-ның басталуына өте аз уақыт қалды. Яғни, дайындықты екі есе көбейтіп, барынша назарды тестке бөлу керек. Бірақ осы кезеңде оқушылар тек ҰБТ-ға ғана емес, соңғы қоңырау, мемлекеттік емтиханға да дайындалып бастайды. Кейде бәріне уақыт таппай да қалады. Осы жағдайда не істеу керек? Бәріне қалай үлгеруге болады?

1. Ерте тұрған оқушының 5 балы артық laugh Бірінші және ең қарапайым ереже - күн сайын сәл ерте тұру. «Таңертеңгі сиқыр» кітабының авторы Хэл Элродтың айтуынша: оянғаннан кейінгі бірінші сағат ең маңыздысы және ол тек алдағы күннің ғана емес, жалпы өмірдің сәттілігін анықтайды. Дегенмен, ерте тұруға дағдыланып қана қоймай, осы сағатты тиімді пайдалану маңызды. Кітап авторының айтуынша, бұл сағатта бірнеше қарапайым рәсімдерді орындау керек: медитация, жоспарлау, оқу, дене жаттығулары және т.б. 

2. Бір күніне жоспар құрмаған оқушының 5 балы кем surprise Екінші маңызды ереже - бұл күндегі жасау керек істер тізімін құру. Тіпті, бұдан 200 жылдай бұрын өмір сүрген Лев Толстойдың өзі таңертең алдағы күніне жоспар құруға, ал кешке жасалған істерді қорытындылауға кеңес берді.

3. Уақытыңды ысырап етпе mail Егер сен бір кездері қажетсіз нәрселерге – теледидар, интернет, смартфон, сериал қарауға қанша уақыт кететінін өлшеп көрсең, бұл көрсеткішке таң қалар едің. Бәлкім, бұл әдетке айналған шығар, бірақ сен әлемжелінің өмірдің қымбат минуттары мен сағаттарын қалай алып кететінін байқамай қаласың. Одан құтылатын кез келді.

4. Бірінші орында - ең қиыны wink Денедегі күш пен энергия шексіз емес, бұл бір күндік тапсырмаларды бөлу кезінде ескерілуі керек. Энергия, көңіл-күй, күш-қуат бар кезде ең қиын және жағымсыз істер мен тапсырмаларды бірінші кезекте орындау керек. Егер сіз оңайдан бастасаңыз, қиынырақ тапсырмаларды жасауға күшіңіз жетпей қалуы мүмкін және оларды ертеңге қалдыруға тура келеді. Бұл мәселені болдырмау үшін жоспардағы ең қиын тапсырмаларды белгілеп, алдымен оларды орында. Күннің бірінші жартысында қиын мәселелерге «оқ ату» әлдеқайда ыңғайлы, сондықтан кейінірек күштер көп болмаған кезде, оңайырақ нәрселерді аяқтау қалады.

Мінекей, достар, бұл сұраққа өте қарапайым шешімдер бар. Әрине, тек осы жауаптер емес, одан да басқа шешімі бар. Оны келесі блогтан күтіңдер enlightened

 Бәрі өз қолыңда!

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді