ҰБТ тапсыру оңай дүние емес, өйткені дәл осы сынақ арқылы болашағың жасалуы мүмкін. Бірақ, жоғары балл, грант деп жүріп, денсаулықты ұмытпаған жөн. Сонымен, ҰБТ-ға дайындық барысында демалысты қалай жоспарлаған жөн?
1) Демалу жай ғана қажет екенін түсініңіз. Сіз ҰБТ-ны 140 ұпаймен тапсыруға бағдарламаланған робот-машина емессіз. Сіз тірі адамсыз, сіздің жеке мүдделеріңіз бар, оны шектеуге болмайды. Мұндай көзқараспен демалу әлдеқайда жағымды болады, өйткені сізде өзіңізді кінәләу сезімі болмайды.
2) Тайм-менеджментті сақтаңыз. Өткен блогтардың бірінде бұл туралы толық ақпарат бердік. Егер сіз бір күніңіздің көп бөлігі жай өткенін байқасаңыз, ендеше, тайм-менеджмент сізге арналған. 1 күн уақыттың кем дегенде 1 сағатын демалысқа бөліңіз. Бұл сүйікті ісіңізбен айналысу не болмаса жай ғана фильм қарау болуы да мүмкін.
3) Ұйықтар алдында жоспар құрыңыз, екінші күні осы жоспармен жүруге тырысыңыз. Егер бұл жоспарды бұзып жатсаңыз, алаңдамаңыз. Бұл – қалыпты жағдай.
4) Түрлі қолданбаларды (приложение) қолдану керек. Ол уақытты үнемдеуге, демалыс уақытын дұрыс бөлуге көмектеседі. Олар:
• Focus TO-DO
• Trello
• Forest
• Notion
5) ҰБТ-ға дайындық барысында уақыт тығыз болса да, хоббиді қатар алып жүру керек. Ән, би не спорт, өзіңнің сүйікті ісінен бас тартуға болмайды. Сонымен қатар, бұл қиын кезеңде ұйқы мен денсаулықты да дұрыстау керек. Әртүрлі витаминдер ішуге болады.