SABAQ.ONLINE

Тайм-менеджмент пайдасы

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Емтиханға дайындалу барысында оқушыларда стресс болады. Тау ақпараттарды үйренуден бөлек оқушыда өз болашағы үшін моральдық жауапкершілік сезімі туындайды. Жұмыс пен демалысты дұрыс жоспарлау немесе уақытты пайдалану стрессті жеңуге көмектеседі.

Ең алдымен, түні бойы емтихан қарсаңында дайындыққа отырмау және шаршаған күйде жұмыс істемеу үшін жұмыс процесін ұйымдастыру керек. Әрине, емтиханға алдын ала дайындалған дұрыс. Ең маңызды нәрселерді кейінге қалдыру тиімсіз.

Күннің бірінші жартысына сабақтарды жоспарлау тиімдірек. Таңертең болса, тіптен тамаша. Кешке қарай  әдетте энергия таусылады, сондықтан кешкі уақытта оқу нәтижесіз болады. Кей адамдарда түн батқанда энергиясы арта түседі.  Олар кешке, зейіні артып, миы ең белсенді режимде жұмыс істегенде оқуы керек.

Уақытты басқарудың алтын ережелерінің бірі - барлық тапсырмаларды маңыздылығы мен өзектілігіне қарай топтарға бөлу. Түсінікті болу үшін кестені 4 топқа бөлейік:

Біріншісі - жанып тұрған және кейінге қалдыруға болмайтын міндеттер. Мысалы, ертеңгі үй тапсырмасы, олимпиадаға қатысу (егер соңғы мерзім екі күннен кейін болса) немесе бір аптадан кейін сынақ тестіне дайындалу. Алдымен бұл тізіммен айналысу керек.

Екінші топта маңызды және шұғыл емес мәселелерді жазамыз. Мысалы, тоқсанның соңына дейін тапсырылатын есеп. Ең дұрысы, күн ішінде осы тізімнен кем дегенде бір элементті орындау керек.

Үшінші топ – маңызды емес, бірақ шұғыл тапсырмалар. Досыңыздың туған күніне дайындық немесе жаңа спорт формасын сатып алу. Мүмкін болса, мұндай істер бірінші тізімнен барлық істі орындағаннан кейін жүзеге асырылады.

Сондай-ақ маңызды емес және шұғыл емес тапсырмалар бар. Мұнда бәрі түсінікті: алғашқы 3 топ аяқталғаннан кейін барып бұл істерді жасау керек.

Тайм-менеджмент ҰБТ-ға дайындық барысында өте  тиімді. Сол себептен, біздің кеңестерді пайдаңа жарат!

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді