SABAQ.ONLINE

Есте сақтау қабілетің нашар ма?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

 

ҰБТ тапсыратын кезең оқушы үшін стресске толы, энергияның азайып, жалқаулықтың еселене түсетін уақыты. Тіпті, осы уақытта оқушылардың есте сақтау қабілеті де нашарлап кетеді. Бірақ, мұны адамда болатын қалыпты жағдай деп түсінейік.  Сонымен, есте сақтау қабілетін қалай арттырамыз?

1-кеңес. Логикалық есептерді көп шығаруға тырысыңыз. «Математика сауаттылығы» пәнінен есептерді жиі шығарып, көп нұсқа талдау тек жақсы балл ғана емес, есте сақтау қабілетіңізді жақсартады. Яғни, бір оқпен екі қоян атасыз.

2-кеңес. Миды жаттықтыру керек. Бұл үшін арнайы жаттығу жасамаймыз. Есімізге, тарихтан бір дата түсіреміз. Сол датада қандай оқиға болғанын табу керек. Бірден интернеттен іздемейсіз, миға салмақ түсіру арқылы сол оқиғаны еске түсіреміз.

3-кеңес. Спортпен айналысайық. Спорттың пайдасын бәрі біледі, сол себептен барынша бос уақытта жаттығулар жасайық.

4-кеңес. Көп жазу керек. Иә, конпсект жасаудың өзі пайдалы. Сонымен қатар, жазған ақпараттар есте оқығанға қарағанда көпке дейін сақталады.

5-кеңес. Оқу керек. Кітап оқығанды жек көретіндер үшін бұл кеңес ұнамауы мүмкін. Бірақ, балалар, есте сақтауды жақсартудың ең керемет жолы – кітап оқу.

Міне, достар, сендерге пайдалы кеңестер ұсындық. Дәл қазіргі сәтте сендердің есте сақтау қабілеттерің жақсы болуы керек. Сол себептен, біз ұсынған кеңестерді пайдаңа жарат!

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді