SABAQ.ONLINE

Шығармашылық емтихан басталады

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Шығармашылық бағытты таңдаған түлектер басқаларға қарағанда ерекшеленеді. Шығармашылық емтихан тапсырады. Олардың тағы қандай айырмашылықтары бар?

Қай пәндер бойынша тест тапсырады?

Олар ҰБТ-дан тек екі пән: қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығын тапсырады. ҰБТ кезеңі аяқталғаннан кейін шығармашылық таңдаған талапкерлер емтиханға қатысу үшін құжат тапсырады. Құжат қабылдау 20 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді. Кейін 8-15 шілде аралығында екі емтихан тапсырады.

Екі емтихан тест пе?

Әр салада әртүрлі. Мысалы, журналистикада бірінші емтихан жазбаша өтеді. Яғни, талапкер эссе/шығарма жазады. Екінші емтихан ауызша, сұқбаттасу, талапкерге комиссия мүшелері түрлі сұрақтар қояды. Осы емтиханда олар партфолио дайындап, жақсы балл алса болады. 

Шығармашылық емтихан қорытындысы қанша балл?

ҰБТ-дан 35 балл, ал екі емтиханнан 90 балл жинау керек. Толық 125 балл жинауға болады. Бұл бағытты таңдаған түлектер үшін бір баллдың өзі өте маңызды. 123 балл алып, ақылы оқып жүрген студенттер де бар. 

Олар 4 бірдей университет таңдай ала ма?

Шығармашылық бағытты таңдағандар тек 1 университет, 1 мамандық түрін ғана таңдай алады. Талапкер өзі емтихан тапсырған оқу орнына грантқа құжат тапсырады. Оларда таңдау тек біреу ғана. 

Шығармашылық емтиханға қандай құжаттар тапсырады?

1. Аттестат

2. Куәлік - құжат көшірмесі

3. 3*4 көлеміндегі және JPG электрондық 6 фотосурет

4. 075/у медициналық анықтамасы мен флюрографияның электрондық нұсқасы

5. Ұбт сертификаты.

Достар, сендерге осы сынақтан сүрінбей өтіп, грант иегері атануға тілектеспіз. Біз саған сенеміз!

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді