Физика – қызықты пән. Дегенмен, бұл пәнде формула көп әрі қиындау. Бүгінгі мақаламызда формуланы тез жаттау үшін не істеу керек екенімен бөлістік.
Формулаларды жаттамас бұрын олардың мазмұнын, мәнін есте сақтау қажет.
Формула таңбаларын үйрену керек. Бірдей таңбалар бірнеше формулаларда қолданылатынын ескерсек, бұл қиын емес.
Қағаз парақтарына формуланы жазу бойынша дайындалуға болады. Яғни, қағаздың бір жағынан формуласын, екінші жағынан заңның атын жазып, қалтаға саламыз. Сосын сол карточкаларды алу арқылы жаттаймыз.
Формуланы жаттау барысында ассоциацияны қолдану қажет.
Формулаларды көз көретін барлық жерге жазыңыз, осылайша олар есте тез сақталады. Оларды назардан тыс қалдырмаңыз және оларды көрген сайын оқуға уақыт бөліңіз. Сонымен қатар, формуланы өмірлік мысалдар арқылы түсінуге тырысыңыз.
Формулалар үшін арнайы блокнот бастаңыз. Оны жазғанда түрлі-түсті қаламды қолдансаңыз да болады.
Кітаптан бір материалды оқығанда, бірден формуласын да жаттап алуға тырысыңыз.
Формулаға сұрақ қою арқылы да жаттауға болады: «Не? Қайда? Қашан?».
Логиканы қосыңыз. Жай жатталған дүние естен шығып кетеді, сол себептен барынша түсініп оқып, содан кейін ғана жаттау қажет.