Мектепте үшке оқығанның бәрі ақымақ емес. Жиі естиміз, иә? Расымен-ақ, өмір мектеп бағасына тіреліп қалмайтынын көрсетіп келеді. Мектепті аяқтап жатқан түлектерде сұрақ көп. Солардың ең көп бөлігі - мектептегі бағалар грантқа қаншалықты әсер етеді?
Аттесттата 3-і, 4-і бар оқушылар, алаңдамаңдар. Грант бөлу кезінде бәрінің деңгейі бірдей. Яғни, басты назар ҰБТ-дан жиналған балға қарайды. БІРАААҚҚ...
Кейде аттестатқа да қарайтын сәттер де болады. Бұл қалай? Мысалға, ҰБТ-дан Айдос пен Арман 95 балл алды. Екеуі де грантқа үміткер, бірақ олар 1 грантқа таласады. Яғни, осы сәтте аттестат бағасына қарап, грант беріледі.
Қарапайым сөзбен айтсақ, мемлекет грант берер кезде бірінші ҰБТ-ға, екінші аттестатқа қарайды. Айтпақшы, "Алтын белгілер" ше? Оларға дәл осы ереже. Бұрынғыдай "Алтын белгісі" бар түлектерге жеке гранттар берілмейді. Тек талапкерлер 1 грантқа таласқан кезде осы жетістік басып кетеді.
Негізінде, грантқа таласатын сәттер көп болады. "Бап шаба ма, бақ шаба ма" демекші, ауылдық квота, отбасылық жағдайы, аттесттат та маңызды болып қалуы мүмкін. Ал, кей жағдайда бабы шауып, бар сынақтан өтіп, мемлекеттік грант алатын оқушылар аз емес.
Сол себептен, оқыңдар, білімді миға тоқыңдар! Сәттілік!