Бүгін, яғни, 28 сәуір ҰБТ-ға тіркелу басталады. Бұл процесс бүгіннен 14 мамырға дейін тест центр сайтында жүргізіледі. ҰБТ өткізу мерзімі: 16 мамыр мен 5 шілде аралығы.
Бәріміз білетіндей, грант ҰБТ-ын тапсыруға талапкерлерге екі мүмкіндік беріледі. Олар 28 сәуір - 6 мамыр аралығы 1 мүмкіндігі, 7 мамыр -14 мамыр арылығында 2 мүмкіндікке өтініш беру қолжетімді болады.
Тестке қатысушылар ҰБТ-ға тіркелу барысында тестілеудің орнын, күнін, уақытын өзі таңдайды.
Тестілеуге тапсырушылар жеке басын куәландыратын куәлікпен кіргізіледі. Тестілеу кезінде калькулятор, Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері барлық талапкерлер үшін компьютер экранында қол жетімді болады.
ҰБТ қатысушылары тест өтетін аудиторияға тек қалам, су және шоколад алып кіре алады. Ал тыйым салынған заттарды алып кірген қатысушылар аудиториядан шығарылып, тест нәтижесі жойылуы мүмкін.
3 аптадан аз уақыт қалды. Сол себептен, дайындықты күшейтіп, барынша жоғары балл жинауға ұмтылу керек. Сәттілік!