SABAQ.ONLINE

IQ мен EQ-дан бөлек...

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Адам ақылды болу үшін интеллекттің барлық түрін меңгеру керек. Бірақ, көбіміз тек интеллекттің 2-түрін білеміз. Доктор Стивен Кови адам табиғатындағы интеллекттің 4 түрін анықтайды, олар:

1. Физикалық интеллект (PQ)

2. Зияткерлік интеллект (IQ)

3. Эмоционалды интеллект (EQ)

4. Рухани интеллект (SQ)

Физикалық интеллект (PQ)– денемен, физикалық күймен және сезіммен байланысты интеллект. Ол сіздің денеңізді және дене қалауларын басқару қабілетімен сипатталады. Ол спортпен шұғылданатын, салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарда жақсы дамыған.

Зияткерлілік коэффициенті (IQ) – логикалық ойлау қабілеті. Бұл интеллект түрін адамдар «ақыл»  сөзімен байланыстырады. Көбінесе, IQ жоғары адамдар жақсы орындарда жұмыс істейді, қызметте тез өседі. Бұның сыры олардың тез ойлануында, мәселелерге оңай шешім табуында. Айтпақшы, тест туралы: 70 ұпай – төмен, 100 – жоғары   IQ.  Сингапурлық Эйнан Коулидің IQ-ы 265-ке тең. Ол әлемдегі ең ақылды адамдардың бірі. 

Эмоционалды интеллект (EQ) - өз сезімдерін дұрыс тани білу, мінезін басқара алу,  эмпатия жасау қабілеті. Ол құндылықтар жүйесі, өзін-өзі тану, тұлғааралық қарым-қатынас, көшбасшылық сияқты көптеген басқа аспектілерді қамтиды.

Рухани интеллект (SQ) - барлық интеллектердің ең жоғарысы. Адамды өмірлік мақсат қоя алатын, өзінің өмірлік мұратын іздейтін және таба алатын, өз іс-әрекетін өмірлік құндылықтармен салыстыра алатын тұлға ететін рухани парасат. Егер барлық жоғары сүтқоректілер адамдармен бірге эмоционалды интеллектке ие болса, онда рухани интеллект тек адамдарға ғана тиесілі.

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді