SABAQ.ONLINE

Еліміздегі ең "бай" мамандық иелері

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Әлемде бар мамандықтардың бәрі сұранысқа ие емес. Болашақ мамандығыңның жалақысы жақсы, сұраныста болса, дұрыс-ақ. Ендеше, бүгінгі мақаламызда Қазақстандағы ең жоғары жалақыға ие мамандықтар туралы айтамыз. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, елімізде ең жоғарғы жалақы күтетіндер қатарында ғылыми қызметкерлер (2,7 млн теңге), бас директорлар (2,3 млн теңге), авиация саласындағы инженерлер (1,6 млн теңге), кен орындары директорлары (1,5 млн теңге) және қосымшаларды әзірлеушілер (1,2 млн теңге) бар. Сонымен қатар, мемлекеттік ұйым басшылары айына 640 мың теңге, бас технологтар мен қаржылық тәуекел менеджерлері  500 мың теңгеден жоғары жалақы алады екен. 

Статистикаға сүйенсек, ең жоғары жалақы алатын мұнайлы Атырау өлкесі. Тіпті, кей мамандардың тапшылығы да бар. Яғни, өнеркәсіптік альпинистер үшін 824 мың теңге жалақымен 20 бос жұмыс орны жарияланған. Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында жұмыс берушілер мемлекеттік органдардағы құрылымдық бөлімшелердің басшыларына 500 мыңнан 730 мың теңгеге дейін жалақы ұсынады. Яғни, білім саласы, инженер, менеджер сынды мамандық түрлері елімізде жоғары жалақыға ие.

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді