SABAQ.ONLINE

Отандық тарихи кинотуындылар

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Бәріміз білетіндей, тақырыптарды меңгеріп кету оңай емес. Ал, осы жағдайды көзбен көрген дүниелер есте ұзаққа сақталады және түсіну оңайырақ. Сол себептен, отандық фильм-сериалдарды көруге кеңес береміз.

  1. «Қазақ хандығы» – Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының желісі бойынша түсірілген телесериал. Бұл сериал шынайы оқиаларға негізделген, Ақ Орда, Шайбани әулетінің тарихы, Жәнібек пен Керейдің жаңа мемлекет құрудағы алғышарттары бейнелген. Туынды 3 маусымнан, 10 сериядан тұрады.
  2. «Тар заман» сериалында Алашорда үкіметінің құрылу сәті, екі түрлі пікірге бөлінген Алаш ардақтыларының іс-әрекеттері бейнеленген. Ақпан, Қазан революциясы кезеңіндегі сұрапыл оқиғалар да түсірілді. Телехикая 12 бөлімнен тұрады.
  3. «Кейкі мерген» - 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің батыры Нұрмағанбет Көкембайұлы туралы таспаланған тарихи драма. Бұл туындыда 1916 жылғы тарихи кезең бейнеленген. Телехикая 16 бөлімнен тұрады.
  4. «Қызыл жебе» сериалы – Шерхан Мұртазаның роман-трилогиясының желісімен түсірілді. Бұл телехикая Тұрар Рысқұловтың өмір жолы мен тәуелсіз ел құру бағытында қосқан үлестері туралы баяндайды. Туынды 10 сериядан тұрады.
  5. «Ұлы дала зары» - ашаршылық жылдарындағы қазақ елінің өмірі туралы баяндайтын фильм. Аштық кезеңіндегі рухты халықтың өмірін көрсетеді.

 

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді