SABAQ.ONLINE

МАТЕМАТИКАНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕГІ ПАЙДАСЫ

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Математика мұғалімдері “Күнделікті өмірде бұл сабақ керек болады” деп жиі айтады. Бала кезімде “Күнде есеп шығармаймын ғой, не қажеті бар екен” деп ойлағанмын. Бірақ қазір ойым түбегейлі өзгерді. Математика бұл тек дүкенде ақша санағанда, бір зат алғанда ғана қажет емес. Басқа да пайдалары туралы айтайық:

МАТЕМАТИКА АҚЫЛ-ОЙДЫ ДАМЫТАДЫ. 

Бұл пән бізге логикалық, стратегиялық түрде ойланып, шешім қабылдауды үйретеді. Кез келген ақпаратты жайдан-жай қабылдамай, оны сүзгіден өткізу үшін пайдалы. Тек есеппен емес, өмірдегі түрлі мәселелерге анализ жасауға бейімдейді. Заңдылықты тауып, себеп-салдар мәселелерін талқылауға көмектеседі. Адам математиканы меңгеріп, ой толғау, дұрыс шешім жасау сынды қасиеттерді бойына жинайды. 

ӨМІРЛІК ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ШЕШУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ. 

Күрделі есепті шығарғанда түрлі формулаларды қолданамыз. Есептің шығу жолын зерттеп, анализ жасаймыз. Яғни, біз проблеманы шешудің түрлі жолдарын іздестіреміз. Бұл мидың критикалық ойлау қабілетін арттырады. Осы арқылы бұл пайданы өмірде қолданамыз. 

Мысалы: күрделі функцияның интегралын шешетін кезде мида алгоритм құрамыз. Осыдан есеп шығады. Өмірде де дәл солай. Бір жерге баратын болсақ, үйден шықпас бұрын алгоритм құрамыз. Бағыт таңдап, әр қадамды жоспарлаймыз. Осы сынды жағдайлар - математика мен өмірдің байланысының нақ дәлелі. 

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ЖҮЙЕСІ СЫНИ СӘТТЕ КЕРЕК.

Математикалық түрде ойланып, адам:

- қиындықтарға анализ жасайды, “шешілмейтін мәселе” деп санамайды;

- өзі жеке шешім табады;

- мәселенің шешу жолдарын өзі анықтай алады;

- сыни сәтте қобалжымай, әрі қарай алға жүреді.

Білесің бе, дене жаттығуы біздің денсаулығымызға қаншалықты оң әсерін тигізсе, математика да адамный ой-санасын, дүниетанымын арттырады. Біз тек бірнеше мысал келтірдік. Бұдан басқа математиканың адам өміріне оң пайдасы өте көп!

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді