SABAQ.ONLINE

Математикалық сауаттылығынан дайындық тәртібі

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

«Математикалық сауаттылық» пәні бойынша ҰБТ-да 15 тапсырма келеді. Аз тапсырма болса да, бұл пән тиянықты дайындықты талап етеді.

Математикалық сауаттылық – адамның математикалық ойлау қабілеті және әртүрлі нақты контексттерде есептерді шешу үшін математиканы тұжырымдау, қолдану және түсіндіру. Бұл пәннен сүрінбей өту үшін күнделікті тест тапсырмаларын шешу қажет. Әсіресе, таңғы уақыт – мидың жақсы жұмыс жасайтын кезеңі. Сол себептен, таңертеңгі уақытты осы пәнге арнау керек.

Әр күн сайын дайындықтан соң, кешке өзіңе есеп бер. Бір нұсқаны алып, шеш. Әр күн сайын алған баллыңды кестеге толтырып отыр. Сонда, өзіңнің жетістігіңді көресің. Ал, қиындық туғызған естептерді, әрине, қайталап, ізденіп шығару қажет.

Математикалық сауаттылық логиканы талап етеді. Сол себептен, логиканы арттыратын жаттығуларды да жаса. Сонымен қатар, мидың жұмысын жақсарту үшін оған шабуылдар жасау керек. Мысалға, ең қиын деген есепті алып, шығаруға тырыс. Ешкімнің көмегінсіз, телефонсыз шығарып, дұрыс жауапты тап. Дәл осы сәтте миға түскен шабуыл ми жарты шарларының дамуына, тез жұмыс жасауына ықпал етеді. Тағы да қайталаймыз, кез келген жетістікке жету үшін тек еңбектену қажет.

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді