Елімізде талапкерлерде медицина мамандығына деген сұраныс жоғары. Назарларыңа медицина саласынан білім беретін жетекші жоғары оқу орындарын ұсынамыз:
С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – Қазақстандағы алғашқы және жетекші медициналық университеттердің бірі. Университет Алматы қаласы Төле би к-сі, 94 адресінде. Оқу орнында 8 мамандық бойынша білім беріледі. Білікті 1712 мамандырылған оқытушы сабақ береді.
Қарағанды медициналық университеті - білім беру, ғылыми, емдеу және диагностикалық қызметтерді көрсетуде жоғары беделге ие және жоғары ұлттық рейтингке ие. Университет Қарағанды қаласы, Гоголь к-сі, 40 адресінде.
Астана медициналық университеті – еліміздегі ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан медициналық университеттердің бірі. Университет Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі, 49А адресінде. 6 мамандықтар тобы бойынша білім береді.
Семей медициналық университеті елімізде медицина саласын дамытуға айтарлық үлес қосуда. Университет ШҚО, Семей қаласында орналасқан. 6 мамандықтар тобы және әскери кафедра бар.
Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медициналық университеті елге мәлім. Медицина мен фармацевтика саласында жоғары білім береді. 7 мамандықтар тобы мен әскери кафедра бар.
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті – ірі білім, ғылым және медициналық мекемелердің бірі. Ақтөбе қаласындағы университет мамандары жоғары білімге ие. Оқу орнында 6 мамандық бойынша білім беріледі.