SABAQ.ONLINE

ҰБТ-дан кейін өмір тоқтап қалмайды

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

ҰБТ тапсыратын әр түлек болашақ үшін қатты алаңдайды. «Егер мен тапсыра алмасам ше?», «Төмен балл жинасам», «Грантқа түспесем», «ҰБТ-дан кейін өмірім қандай болады?» деген сауалдар мазалайды. Бұл сондай кезең, дәл осы уақытта моральды дайындық қажет. Біздің кеңестерді пайдаңа жарат! mail

Бірінші. ҰБТ кезеңінде қалыпты өмір сүру керек: сағат 00:00-ге дейін ұйқыға жату, ерте тұру, спортпен айналысу, дене шынықтыру, көкөністер, жемістер мен жидектерді көбірек жеу. Әрине, пәндерден дайындықты күшейту қажет.

Екінші. Көп оқушы түні бойы сабақ оқиды. Бұл өте қате. Ұйқы жоқ кезде біздің организм аштықты сезбейді, сол секілді шаршауды да сезбей, мидың жұмыс істеуін нашарлатады. Сондықтан, күні бойы тик-токты көрмей, сабақ оқу керек.

Үшінші. Ата-анаңнан, достарыңнан, мұғалімдерден олар ҰБТ-ны қалай тапсырғанын сұра. Ол аздық етсе, интернеттен өзің көретін блогерлердің, әнші, мысалға BTS, Ninety One, Asap Rocky сынды жұлдыздардың тестті қалай тапсырғанын қарап, зертте. Бұл сенің оқуға деген мотивацияңды ашып, сенімділігіңді күшейтеді.

Төртінші. Ешқашан жамандық туралы ойлама. Иә, біздің қазақ «Жаман айтпай жақсы жоқ» дейді indecision. Бірааақ, егер сен оптимистік ойлардан тым аулақ болсаң, әрине, жамандық орындалады. Сол себептен әрдайым «Менің қолымнан келеді» деп өзіңнің санаңа настрой жаса.

Бесінші. Эйфориядан да, паникадан да аулақ бол. Ол саған жақсылық әкелмейді.

Алтыншы. ҰБТ-ны мектепте өзің жазып жүрген ТЖБ, БЖБ деп елестет. Әрине, мұны қабылдау қиын, бірақ басқа амал жоқ. Егер ҰБТ-дан құласаң, бұл қалған өміріңді бақытсыз өткізесің деген сөз емес.

Тағы да айтарым, егер саған бір есік жабылса, ашылатын екінші есік бар. Бірақ, ол есікті  ашу үшін де дайындық қажет.

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді