SABAQ.ONLINE

Оқуға күшті қалай жинаймыз?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Оқуға деген күш-жігердің болмауы - норма. Кейде мотивация жеткіліксіз болады. Бәріміз шаршаймыз. Бірақ бұл жағдайдан шыға алумыз керек. Мүлдем оқығың келмесе, не істеу керек? Жалқаулықпен күресуге көмектесетін бірнеше қарапайым кеңестер ұсынамыз.

Хоббимен айналыс. Бұл оқуды толығымен тоқтатып, бар уақытыңды хоббиге жұмсау емес. Дегенмен, жұмысты қысқаша өзгерту демалуға және оқуыңды одан да ынталы жалғастыру үшін жаңа күш алуға көмектеседі. 

Демалыс уақытын:

киноға бару; 

футбол ойнау;

билеуге бару;

видео түсіру сынды істерге арна. Саған не ұнайтыны емес, оның саған қаншалықты рахат сыйлайтыны маңыздырақ.

Демалуға қабілетті болу маңызды. Аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат оқулықта отыру мүмкін емес қой! Мұндай режимде материал нашар сіңеді және оқуға деген құштарлық жоғалады. Егер сен ақпараттың тым көп екенін сезінсең, тынығу күнін өткіз.  

Бұл күні істеу керек: 

кейінге қалдырылған істерді жасау;

ұзақ уақыт көрмеген достарыңмен серуендеу;

жай ғана диванға жату.

Уақытты көптен бері қалағаныңдай өткізіп, көптеген жағымды эмоциялар алып, содан кейін жаңа күшпен оқуды бастау маңызды.

Міне, оқуға шабыт болмаса, алдымен демалған жөн. Миды тынықтыр. Жаңа оймен, санамен сабаққа кіріс. Сонда ғана нәтижелі болмақ! 

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді