SABAQ.ONLINE

Дайындалуға әлім жоқ...

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Айлардың сұлтаны - Рамазан айы туды. Біздің оқырмандарымыздың ішінде қасиетті айда Ораза ұстайтын оқушыларымыздың бары сөзсіз yes. Ниеттерің қабыл болсын! Әрине, қазір 11-сынып оқушыларының бар ойы ҰБТ-да. Ораза ұстап жүріп, қиналып қалмас үшін алдын-ала жоспар құрған жөн.

Уақытылы демал. Әлсіреп қалмай, бар энергияңды күндікке жеткізу қажет. Әрине, таңертең ерте тұрып сабаққа бару қиынға соғуы мүмкін. Мысалға, күндіз ауызашар уақытына дейін сәл оқып, кейін жақсылап демалып ал. Ауыз ашқаннан кейін біршама уақыт сабақ қара. Сосын ертерек жатып, ұйықта. Сәресін ішкеннен кейін ұйықтамай, оқуыңды жалғастырсан болады. Бәріміз білетіндей, ми енді оянғанда жақсы жұмыс істейді, содан тестті жаттауға, тақырыпты түсінуге мүмкіндік көп.

Рамазан айы бізді тәртіпке үйретеді (самодисциплина). Ораза ұстап жүріп, дайындығыңды үзбесең, басқа уақыттада да бұл қолыңнан келетіні сөзсіз. 

Алла Тағала біз қиындықтарға кезіккенде сауап береді. Әрине, Рамазан айында емтиханға дайындалу өте қиын жұмыс екені даусыз. Мотивацияны сақтау үшін Алланың сізге беретін сауаптарын ойлаңыз! Ораза қабыл болсын! heart  

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді