SABAQ.ONLINE

ҰБТ-дан 3 айда 140 балл алғың келе ме?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Нағыз ҰБТ-ның басталуына аздаған ғана уақыт қалды. Біздің оқырмандарымыздың арасында әлі күнге дейін дайындықты бастамағандарға, 3 айда жоғары балл  алғысы келетіндерге қарқынды оқыту жоспарын құру керек. Сонымен, мұндай планды қалай құру керек?

Бірінші. Экспресс дайындықты бастамас бұрын өз деңгейіңді анықтап ал. Қазіргі Наурыз ҰБТ-н тапсыр, сонда нақты білімің шығады. Білетін/білмейтін тақырыптар тізімін жаса.

Екінші. Әрі қарай осы жасаған анализ бойынша план құр.

Үшінші. Күнделікті сабақ қарау, тапсырмалар орындау, тест талдау керек. Өйткені, қайталанбайтын ақпараттар тез естен шығады. Осы процесте «Эббингауз қисығы» деген теория бар.

Материалды ұзаққа есте сақтау үшін:

Біріншісі – оқып біткеннен кейін бірден; екіншісі - біріншіден 20-30 минуттан кейін; үшінші – екіншісінен бір күн өткен соң; төртінші - үшіншіден екі-үш аптадан кейін; бесінші - төртіншіден екі-үш айдан кейін қайталап отыру керек. Сонда бұл ақпараттар сенің миыңда естен шықпастай сақталады.

Төртінші. Дайындықтың ортасына келгенда пробныйларды жиі тапсыру керек. Әр апта сайын тест тапсырсаң, вообще күшті wink. Бұл арқылы сен тесттермен танысып, бойыңды емтихан кезеңіне үйрете аласың.

Дайындықты күшейту үшін әр күнге пәндерді бөліп таста:

Дүйсенбі

Математикалық, оқу сауаттылығы

Сейсенбі

Биология

Сәрсенбі

Қазақстан тарихы

Бейсенбі 

Химия

Жұма 

Математикалық, оқу сауаттылығы

Сенбі 

Пробный тест

Жексенбі

Қатемен жұмыс, демалыс күні

Осы планға ұқсатып, өзіңе ыңғайлы жоспар құр. Еш дайындықсыз жоғары балл алу – 1000-ның 1-де ғана кездеседі broken heart. Сондықтан, дайындықты жақсарт!

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді