SABAQ.ONLINE

Помодоро әдісі – жоғары баллға жету құпиясы

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

ҰБТ-ға дайындық кезеңінде уақытты тиімді пайдалану керек. Ал, осы кезде бізге «Помодоро» әдісі көмекке келеді.

Помодоро техникасы - 80-ші жылдардағы итальяндық студент Франческо Сирильоның ойыны, ол оқуға көңіл бөлудің жолын іздеп, ол үшін ас үйден қызанақ таймерін ұрлап кеткен. Техниканың мәні өте қарапайым:

Таңдау пәніңіздің біреуін алып, нұсқаны талдаңыз. Таймерді 25 минутқа қойыңыз. 25 минут бойы осы тапсырманы орындауға тырысыңыз. Кейін - 5 минут үзіліс жасаңыз. Содан кейін - 25 минутқа қайтадан шоғырланған жұмыс. 4 «помодоро» циклынан кейін - 15-30 минуттық үлкен үзіліс жасаңыз. Ең бастысы, ұзақ үзіліс кезінде тапсырмалар тізімінен бірдеңе жасауға тырыспаңыз. Бұл бүкіл жүйені бұзады.

Бұл техниканың пайдасы тию үшін ең алдымен жұмыс тәртібін құрған абзал. Сонымен қатар, сабақты тыныш жерде оқу керек. Телефон сынды ойыңызды бөлетін заттарды мүлдем қолданбаңыз. Сізге тек таймер, тест тапсырмалары және оқуға деген құлышыныс керек.

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді