SABAQ.ONLINE

Қазақстан тарихынан дайындық жасау тәсілдері

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Қазақстан тарихы пәні көп оқушылар үшін қиын, яғни, олар даталар жаттауда қиналады, оқиғаларды шатастырады. Бірақ, тыңғылықты дайындалсаң, пән бағдарламасын толық оқысаң, жоғары балл алу оп-оңай.

«Қазақстан тарихы» пәнінен тестілеу бойынша 20 тест тапсырмасының 1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары; ал қалған 11-ден 20-ға дейін – мәтіндік тапсырмалар болады.

ҰБТ-да барлық сұрақтар мектеп бағдарламасынан алынады. Сол себептен 6-11 сынып аралығындағы кітаптарды алып, дайындалған жөн. Дайындық барысында жоспар құру керек. Мысалға, «Аптасына 3 рет тарих оқимын, 6 рет тест тапсырамын. 1,5 айда 6-сынып, 2 айда 7-сыныпты оқып бітемін» деген жоспарлар құру керек. Тайм-менеджментпен жұмыс жасасаң, эффективті болады. Егер өзіндік дайындық жасау қиын соқса, курстарға жазылуға болады.

Лайфхак: 1) Ең алдымен мәтінді оқу, барлық оқиғамен танысу.

2) Коспект, класстер, постер жасау.

3) Осы тақырып бойынша тест жаттау.

4) Даталарды жаттау үшін карточкалар жасау.

5) Тақырыпты басқа адамға айтып беру.

 Егер осындай дайындық жүйесі болса, жоғары балл алу ықтималдылығы жоғарылай түседі. Бірақ, жеке дайындықтың минустары көп. Сені қадағалайтын адам болса, күнделікті сабақтар өтсең, уақытты тиімді өткізесің. Яғни, басқа сабақтарға да дайындық жақсы болады. Сол себептен, өзіңе ыңғайлы дайындық жүйесін таңдау маңызды.

 

                                                                                           

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді