SABAQ.ONLINE

Сенімімді ақтаған - Sabaq.online

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

  Sabaq.online оқушыларының 90 пайызы ҰБТ-дан жоғары балл жинайды. Білімді оқушыларымыздың бірі Дауылбайқызы Ұлбосын Қаңтар ҰБТ-нан 131 балл алған. Оқушымызбен оның дайындығы туралы аз-кем әңгімелестік.

  Ұлбосынның таңдау пәні – биология және химия пәндері. Ол болашақта биотехнология немесе микробиология саласында жұмыс жасағысы келеді. Ұлбосын SO курсына жазылғанға дейін 70 баллдан төмен жинап жүрген. Бірақ өзінің еңбегі және SO арқылы қазір тесттен 120-130 балл алады. Ол біздің курсты оқып жүргеніне 1 жыл болған екен.

 «Мен SO курсын барлық 11-сынып оқушыларына ұсынамын. Өйткені, білікті оқытушылар бізге сабақ береді. Сабақ жоспары да ыңғайлы. Тікелей эфирлер жиі өтеді, қосымша ақпарат ал мүмкіндігі де бар. Оқуға деген ниет пен құлшыныс бар болса, жететін биіктеріңізді де қиындықсыз еңсеретініңіз анық. SO – сол мақсатқа жету жолындағы нақты қадам. Білім үшін салған әрбір тиын жарқын болашаққа бастар даңғыл жол»,-дейді ол.

  Бәрімізде бір жаңа істі бастарда қорқыныш сезімі басым болады. Ұлбосында да сенімсіздік болды. «SO маған сенімділікті нығайтуға көп көмектесті. Курсты алған кезде берген қаржымды ақтай алмайтындай көрінді. Басында, әбден уайымдадым.  Ал қазір SO курсын алуға шешім қабылдағаным үшін өзіме де, ата-анама да алғыс айтамын. 10-сыныптағы сенімсіздік пен қорқынышқа бойын билетіп алған Ұлбосын қазір SO-мен үлкен жетістікке жетіп жүр. Сондықтан, мен курсты сатып алғаныма еш өкінбеймін»,-деді.

  SO-мен жогары балл жинап, Ұлбосын секілді жетістікке жетуді қаласаң, бізге қосыл. Sabaq.online – жаңа мүмкіндіктер бастамасы.

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді