SABAQ.ONLINE

Шығармашылық емтиханды қалай тапсырамыз?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Мектепті аяқтап жатқан әр талапкер жүрегі қалаған мамандыққа түсуді жоспарлайды. Қазір шығармашылық бағытты таңдайтын талапкерлер де аз емес. Осы бағытты таңдаған оқушылардың емтихан бағытында ерекшеліктер баршылық.

Шығармашылық мамандықтарға журналистика, дене шынықтыру мұғалімі, аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс, дизайнер, дінтану және теология, сәулет өнері сынды маман иелері жатады. Шығармашылық бағыт үшін ҰБТ-дан тек екі пән тапсыруға болады, олар оқу сауаттылығы мен қазақстан тарихы пәндері. ҰБТ үшін максималды балл 35 балл, бірақ, осы бағытты таңдағандар үшін әр балл маңызды. Өйткені, басқа мамандықтарға қарағанда грант аз  бөлінеді.

Құрметті достар, егер ҰБТ-да бес пән тапсырып, шығармашылық бағытқа ауысқыңыз келсе, алаңдап қажеті жоқ. 5 пәннің екеуін белгілеп, шығармашылыққа тапсыруға болады.

ҰБТ аяқталған соң өзің таңдаған университетке барып, шығармашылық емтихандар тапсырасыңдар. Мысалға, журналистика мамандығын алсақ, бірінші емтихан әңгімелесу, екіншісі жазбаша шығарма жұмысы. Екі емтиханнан 90 балл, жалпы 125 балл жинауға болады. Көбіне, бұл емтихандар 20 маусым мен 7 шілде аралағында өтеді.

Бұл бағытты таңдаған талапкерлер тек 1 универистет және 1 мамандық ғана таңдай олады. Сондай-ақ, шығармашылық емтихан кестесін, талаптарын білу үшін таңдаған университет сайтынан қарауға болады. Сәттілік!

 

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді