11-сынып оқушыларына мектепті аяқтауға екі-ақ ай қалды. Осы уақыт өткеннен кейін өмірлерін бірден өзгереді. Мектеп - ең жылы орта. Әрине, бәріміз тезірек оқуға түскіміз келіп, болашаққа түрлі жоспарлар құрамыз. Бірақ өмірдегі ең керемет шақ - мектептегі уақыт екенін кейін түсінесің. Уақыт артқа қайтпайды, ал сенің мектеп бітіруіңе аз-ақ қалды. Сол себептен, ертең өкінбеу үшін бүгініңді жақсарту қажет. Ал, соңғы екі айды мектепте қалай өткіземіз?
1. 11 жыл бір сыныпта оқуған класстастарыңмен бірге көп уақыт өткізуге тырыс. Иә, білем, қазір ҰБТ деп бар ойларың сонда... Бірақ, хоть аптасына 1 рет сыныптастармен бірге шай ішіп, әңгіме айтуға тырыс. Осы уақытқа дейін ренжісіп жүрген ұл-қыздар болса, татулас. Ренішпен мектепті аяқтама.
2. Сыныптастарыңмен жиі қыдырсаң, вообще күшті болады. Киноға барыңдар, күн жылы да пикникке шығыңдар. Ертең мектеп бітірген соң бас қосамыз дегенін орындалмауы мүмкін. Бәрі әр қалаға шашырап, арман қуып кетеді. Уақыт өте келе кездесу де қиын болады.
3. Ең басты мақсатты ұмытпа. Ол грант пен жоғары балл жинау. Дайындықты максимальды түрде көбейт. Қазір қиналуың мүмкін, бірақ ертең жемісің жейсің.
4. Сабақтан қалма. Түсінбей жүрген пәніңді мектеп қабырғасынан біліп кетуге тырыc. Ұстаздарыңмен қарым-қатынасты реттеп, оларға алғысыңды білдіруді ұмытпа.
5. Естеліктерді жинақта. Видео, фото - бәрі қызық. Мысалы, приватный интса ашып, ішіне бәрін сала бер. Ертең уақыт өте келе сол сәттерді сағынғанда, лентаң мен архивіңді листать етіп, сағынышты басарсың.
6. Достарыңмен бірге болашаққа армандарыңды жазып, бөтелке не қорапқа салып, жерге көміп кет. 5-10 жылдан кейін бәрін бас қосып, соны оқыңдар.
7. Виньеткаға түсіңдер. Бәрібір оның орны бөлек. Көзбен көріп, қолмен ұстағанға не жетсін!
Әрине, бұл кеңестердің бәрін орындауға міндетті емессің! Дегенмен, менің өзімнің тәжірибемде жасалған қателіктер. Ертең мен секілді өкінгің келмесе, соңғы жылды, соңғы айды күшті етіп өткіз!