SABAQ.ONLINE

ТЕСТ ЖАТТАМАЙ, ЖОҒАРЫ БАЛЛ ЖИНАУ МҮМКІН БЕ?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

140 балл жинаған оқушылар тест жаттауға аса көп уақыт бөлмейді. Олар бұл уақытты нұсқа талдау, пробный тест шешуге арнайды. Иә, тестті жаттау мида ұзаққа сақталмайды.  

Нұсқа талдау - ҰБТ базасы. 2015-2020 жылдар аралығындағы кітапшадағы тест, 2021-2023 жылы компьютер (сливтер). 

Мысалы, биологиядан бір тест алайық. "Адам организмінде қанша сүйек бар?" деген сұрақ келді. Сен жауабың білмейсің. Стоп, гуглға жазба. Қолыңа осы тест тақырыбы бар оқулықты ал. Кітаптың ішінен тақырыпты ізде және оқы. Сұрақтың жауабын осылайша тап. Сол кезде сен 1 ғана сұрақтың жауабын іздеп қоймай, бір тақырыпты оқып шығасың. Бұл визуально көз арқылы жатталады. Іздеудің нәтижесінде мида ұзаққа сақталады. Дәл сол сұрақ ҰБТ-да келу мүмкіндігі көбірек. 

ҰТО ұсынған пробный тесттер шешу. Бұл өте маңызды. Өйткені ондағы сұрақтар аспаннан алынбайды. Оқулықта бар және ҰБТ-да келуі де мүмкін. Пробный тесттер біліміңді сынауға, дайындыққа анализ жасауға көмектеседі. Иә, ол тегін емес. Бірақ ойлашы, сен барлық пробный тестке кемінде 10 мың теңге төлеп, қалтаңда 5 миллион теңгені сақтап қаласың. Сол себептен шаршама. Пробный тест тапсыра бер, тапсыра бер!

Жарайды, бәрібір тест жаттайтындар бар. Бірақ жоғары балл жинаған түлектердің олардан айырмашылығы - түсініп жаттау. Бір тестті жаттады ма, оның оқиғасы туралы білу керек. Мына жылы жоңғар шапқыншылығы болды деп емес, қай жерде, қалай, неге, қашан, нәтижесінде не болды деген сұрақтарға жауап бере отырып жатта.Құр жаттау — көп уақытыңды алып қана қоймай, әуел бастан-ақ абырой әпермейтіні белгілі стратегия. 

Сұрақтардың логикалық байланыстарын іздеп, ассоциациалар ойлап тап.Әлбетте, әр пәнде даталар, формулалар, анықтамалар сынды жатқа білу керек ақпарат болады. Алайда, логикасын түсініп алсаң, олардың өзін есте сақтау оңай болады.

Міне, бұл кеңестер арқылы көп оқушысы жоғары балл жинап жүр. Ал сен ше?!

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді