SABAQ.ONLINE

Ең үздік университеттер

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Талапкерлер жоғары білім алу орнында қателеспей  таңдау қажет. Сіздердің назарларыңызға елімізде көш бастап тұрған университтерді ұсынамыз:

Қазақстан-Британ техникалық университеті -  ең үздік техникалық университеттердің бірі. ҚБТУ түлектерінің 98%-ы оқуын тәмәмдағаннан кейін бірден жұмысқа орналасады. Бұл білім жүйесінің сапалы екенін дәлелдейді.

КИМЭП Университеті әлемдік деңгейдегі білім береді. Еуропаның, Солтүстік Американың және Азияның 150-ден астам атақты оқу орындарымен байланыс орнатқан. Студенттік өмірдің тәтті өтуіне ықпал етер 50-ден астам ұйымдары бар.

Назарбаев Университеті  2010 жылы құрылған. Университеттің негізгі ерекшеліктері: халықаралық оқытушылар құрамы, оқыту тілі -  ағылшынша, оқуға түсу және одан әрі оқуға қойылатын қатаң академиялық талаптар. Бұл университетке оқуға түсу қиын болғанымен, білім сапасы әлдеқайда жоғарырақ.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ - халықаралық деңгейдегі университет. Университетте студенттерге бар жағдай жасалған, айталық  театр студиясы, хореография, вокал, домбыра, КВН сынды студенттер қызығушылығын оятатын ұйымдар жеткілікті. Сонымен қатар, студенттерде әлемнің түрлі университеттерінде білім алуға мүмкіндік бар.

Astana IT University Орталық Азиядағы жетекші цифрлық трансформация құзыретті орталығы болып табылады. Университетте технологияның соңғы үлгілерімен жабдықталған аудиториялар, әлемдік IT-компаниялардың зертханалары бар. АҚШ, Ұлыбритания және Германияның жетекші университеттерінің түлектері сабақ береді.

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді