SABAQ.ONLINE

ҰБТ-дан 120 баллға жетелейтін 4 әдет

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

ҰБТ-ға дайындалатын оқушылардың жиі жіберетін қателігі - тұрақты түрдегі дайындықтың жоқтығы. Бір күні ҰБТ-ға қатты дайындалып бастайды. Екінші күні мүлдем дайындалмай, бір күні достарымен дайындалуға келісіп, бірақ әңгіме айтып кетеді. Олар бір-екі-ақ айда дайын болып шыға аламыз деген өз қабілеттеріне сенімге ие. ҰБТ-ға тұрақты дайындықты бастау үшін қарапайым ғана әдеттер болу керек. 

1. 06:00-де тұру. Иә, көптеген оқушыларға бұл әдет ұнамауы мүмкін. Бірақ бұл жұмыс жасайды. Таңертең ерте тұрған адамның өзіне деген сенімділігі де көбейеді, сабаққа бармас бұрынғы уақыты да болады. Сол уақытта біраз білім алып қалған оқушы күні бойғы уақытын пайдалы өткізеді.  Себебі, таңертең өз мақсатына қадамдар жасады. 

2. 3 минут жаттығу жасау. Қозғалыс қан жүгіртіп, мидың жұмысын жақсартатыны бәрімізге мәлім. Ерте оянып, керіліп-созылып алған адам оқуға көбірек энергиямен, жақсы көңіл-күймен кіріседі. Себебі, спорт адам ағзасындағы бақыт гармондарын бөледі, оның ішіндегі дофомин адамның мақсатқа жету, ойлану қабілеттеріне де жауап беріп, оқуына әсер етеді. 

3. Қазақстан тарихынан 1 нұсқа талдау. Ойлап қарашы, бар болғаны 1 нұсқаны талдау арқылы бір жылда 150-ін талдайсың. Олар есте жақсы сақталады. Кітаппен талдасаң, тіпті ғажап. Бұл тәсілмен бар кітапты да жаттап алуға болады. 

4.Математикалық сауаттылықтан 5 есеп шығару. 5 есеппен қайда жетемін деп ойлама, онымен айға да жетуге болады. Мысалы, таңертең 1 нұсқаны алып, 5 есебін шығарып тастайсың. Келесі күні 5 есеп аласың, біреуін шығара алмай қалсаң,  мұғаліміңнен қалай шығаратынын сұрап аласың. Ал математикалық сауаттылықтан бір типтес сұрақтар келетінін ескерсек, сен ҰБТ-ға шамамен дайынсың деген сөз! 

Аталған 4 әдетті өз бойында қалыптастырып, ҰБТ шыңына шық! 

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді