SABAQ.ONLINE

ДАЙЫНДЫҚ КЕЗІНДЕ ДЕМАЛУ

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Психологтардың айтуынша, емтиханға дайындық кезінде демалысты дұрыс ұйымдастырмаған оқушы ресурстары қалпына келтірілмейді. Бұл 50% жанармай багымен жолға шыққанмен бірдей.

Иә, оқушылар жас болғандықтан, оларда энергия көп. Организмі көп нәрсені көтере алады. Бірақ ол бұдан кейін жүйкесі шаршап, стресс алады. Дайындық кезінде дұрыс демалу режимі болу керек. 

Сабақ оқы, бірақ демал. 40 минут сабақ, содан кейін 10 минут үзіліс жаса. ҰБТ-ға дайындық кезеңінде табиғат аясында көп серуенде. Достарыңмен уақыт өткіз. 

Ұйқыңды қандыр. Түскі астан кейінгі уақытты ұйқыға немесе демалуға арна.  Физикалық жаттығулармен айналыс. Олар миды оттегімен байытады. Шаршаудың алғашқы белгісінде демал.

Аутогендік жаттығуларды қолдан(3-5 минут). Ыңғайлы отыр, көзіңді жұм. Арқаңды түзу ұстап, қолыңды тізеге қой. «Мен сабырлымын» формуласына назар аудар. Ойыңды шашыратып алма. Ойша 5-6 рет қайтала: «Оң қол ауыр». Содан кейін бастапқы формуланы қайтала: “Мен сабырлымын”. Содан кейін тағы да 5-6 рет формуланы айт: «Сол қол ауыр». Ойша қайтала: «Мен сабырлыман. Мен дайынмын, жиналдым, табысқа сенімдімін!». Денені бастапқы қалпына келтіру үшін қолдарыңды жұдырықпен түйіп, көзіңді аш. Терең тыныс алып, дем шығар. Бұл өте қатты көмектеседі. Әсіресе, выгорание, стресс кезінде.

Күндіз-түні дайындалам деп күйіп кетпе. Бәрінен денсаулық маңызды екенін ұмытпа!

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді