SABAQ.ONLINE

Университеттер рейтингі қандай?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Жоғары оқу орнын таңдағанда ең алдымен оның рейтингіне қара. Рейтинг түлектердің білім сапасы, студенттік өмір,  ғылыми саладағы  белсенділігі және жұмысқа орналастыру негізінде қалыптасады. Егер грантқа балл жетіп тұрса, ең үздік университті таңдаған жөн. Бірақ бұл төменгі рейтингте орналасқан оқу орнында білім алсаң, болашағың жоқ дегенді білдірмейді. Бәрі өзіңе байланысты!

Ең үздік оқу орнында оқып, мамандығын дұрыс меңгермей жатқандар бар. Ең төменгі рейтингтегі оқу орнында оқып, мықты маман болғандар бар. Сол себептен сенің болашақ мансабыңның жарқын болуы өзіңе тікелей байланысты. 

Таңдау жасарда Қазақстан университеттерінің және әлемдік рейтингін де ескер. Оңай болу үшін мына тізімді ұсынамыз:

 

Қазақстан бойынша ТОП 10 университет:

  1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

Ең көп шетелдік студенттер оқиды. Талапкерлер 16 факультет пен 86 бағыттың арасынан өз мамандығын таңдай алады. Оқыту үш тілде жүргізіледі: ағылшын, қазақ және орыс.

  1. Л.Н.Гумилве атындағы ЕҰУ 

Университет құрамына 13 факультет кіреді. 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура білім береді. 

  1. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 

8 факультет бойынша білім береді. Студенттері саны бойынша алғашқы орында. 

  1. Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Ауыл шаруашылығы саласына үздік түлектерді дайындайды. Мамандар кез келген жерден жұмыс таба алады. 

  1. Абай атындағы ҚазҰПУ 

74 мамандық бойынша білім береді.

  1. Қазақстан-Британ техникалық университеті

Түлектер шетелде де жұмыс таба алады. Әлемнің 70-тен астам университетімен ынтымақтасады.

    7. Қарағанды техникалық университеті

Н.Назарбаев оқығандықтан өте танымал әрі лауазымды.

    8. Тұран 

Білім сапасы жақсы. 24 мамандық бойынша білім береді.

9. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық университеті

Оқу ақысы жағынан қолайлы бағада. 64 мамандық бойынша оқытады.

10. Алматы технологиялық университеті 

65 жыл тарихы бар оқу орны. 21 мамандық түрі бар.

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді