Конспект
Конспект: Ежелгі Қосөзен өркениеті
Қосөзен мәдениеті адамзаттың ең ежелгі мәдени орталықтарының бірі болып\n есептелінеді.Гильгамеш туралы дастан. Көптеген халыктардағы сияқты\n Қосөзенде алғашкы әдеби жанрдағы шығармалар діни түсініктермен\n байланысты дүниеге келді. Солардың бірі әйгілі — «Гилъгамеш туралы\n дастан». Сына жазу. Дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасты.\n Оны дүниеге келтіргендер Қосөзенге шығыстан қоныс аударып\n келген шумерліктер еді.
Сына жазуы
Олардың алғашқы жазуы сурет арқылы жазу болды.\n Біртіндеп суретті толық салудың орнына әр нәрсенің ерекше белгілерін салу\n арқылы жазу қалыптасты. Мысалы, күс деп жазу үшін оның сыртқы бейнесін\n салды. Құстың жұмыртқасы деп жазу үшін жүмыртқа кескінін О» салды. Міне,\n осылайша ежелгі шумерлік әріптер қалыптасты. Сөйтіп, шумерлік жазу\n жуйесі пайда болды.
\n Оң қолдарына ұзын найза, сол қолдарына қалқан ұстаған жауынгерлер шеруі\n келеді. Қалқандарының үлкендігі сондай, тек бастары мен аяқтары ғана\n көрінеді. Бастарына дулыға тәріздес бас киім киген. Мүсіндер де өзінің терең\n мазмұны мен тылсым бейнесі арқылы көз тартады. Екі қолын бірдей\n кеудесіне қойған адамдар мүсіні көптеп кездеседі. Бұлайша бейнелеу тек\n бағыныштылық пен табынушылықты ғана білдіріп қоймаса керек. Бет пішіні\n бетперде (маска) тәрізді болып көрінеді. Оны ерекшелеп тұрған ең алдымен\n көздері.