SABAQ.ONLINE

ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ (552-603жж.)

-Қытай деректері бойынша түріктер алғашында Қытай шекарасының батысында, Алтай тауларының етегінде өмір сүрген.

-Кейін түрік тайпаларының көсемі Бумынның басшылығымен иеліктерін Хуанхэ жағалауларына дейін кеңейтті.

-Батыс Қытай билеушілері жақын қоныстанған түркілер жайлы деректер жинай бастайды.

Оқиғалар

542 ж -«Түрік» атауы алғаш рет қытай деректерінде кездеседі.

-Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп санаған. Алғашында «түрік» этнонимі әскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін «мықты, күшті» деген мағынада үстемдік етуші ашина әулетіне байланысты аталды. -Ашина-Түрік билеушілері шыққан әулет.

-Теле-түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен «түрік» атауы қалыптасқан.

545 ж -Қытай елшісі Түрік қолбасшысы Бумынға келіп, бейбіт қатынас орнады.

552 жылға дейін -Түріктер Жужандарға (авар) тәуелді болды.

-Жужан қағанаты- (402-552 ж.ж) Солтүстік Моңғолияда құрылған көшпелі мемлекет. Қытайдың солтүстігіндегі мемлекеттермен соғысып, Жетісуда Үйсін ордасына шапқыншылықтар жасады.Теле тайпалары Vғасырдан жужандарға тәуелділікте болды.

552 ж -Түрік қолбасшысы Бумын Қытайдағы Батыс Вэй патшалығымен бірігіп, жужандарды жеңеді.

-Алғашқы орта ғасырда құрылған Түрік қағанатының жер аумағы:

  • Шығыста- Алтай тауы;
  • Батыста – Каспий теңізі;
  • Оңтүстік-шығыста-Қытай;
  • Оңтүстік-батыста-Парсы елімен шектесіп жатты.

- Түрік қағанаты-Қазақстан аумағында ерте орта ғасырларда ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекет.

- Қағанаттың құрамына 30-дан аса теле тайпасы енген.Олардың қатарында қырғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т.б. түрік тілдес тайпалар болды.

Қағандары

Бумын

Түрік қағанатының негізін қалаушы. Ашина тайпасынан шыққан.

-546 жылы теле тайпалары Бумынға қосылды.

-551 жылы Бумын Қытаймен саяси байланысты нығайтып, қытай әмірінің қызына үйленеді. Бұл жағдай түріктердің беделін көтере түседі.

-Сонымен өзін жәбірлеуші Жужан қағандығының қол астынан біржола босанып, азаттық алу мақсатында қарсы соғысады.

-552жылы Жужан қағанатының соңғы қағаны Анағұйды жеңеді. Түркілерден жеңілген Анағұй өзін-өзі өлтіреді.

-Осы жеңістен кейін Бумын «елхан»-қаған деген атақ алады. Түрік қағанаты құрылды.

Қара-Еске

-Бумын қағанның баласы.

-552-553жылдары билік құрған.

-552 жылы Орхон өзенінің жоғары жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді.Алайда ол ұрыста қаза табады

Мұқан

-553-572 жылдары билік құрған.

-552-554 жылдары жужандарды толық жеңді.

-Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке жетті. Осы кезден бастап түріктер Ұлы даланың шығыстағы қожасына айналды.

-Солтүстігінде- Саян тауына дейін, шығысында- Сары өзеніне дейінгі қай, қидан, оғыз-татар т.б. тайпаларды бағындырды.

-Бұл кезде екі бөлікке бөлініп отырған Қытай елінің билеушілері Мұқан қағанға қымбат бағалы сый-сияпат жасап, өз жақтарына тартуға әрекет жасайды.Қытай түріктерге салық ретінде жылына 100 мың метрге тең жібек матасын төледі.

- Қытай жылнамаларында «Ол шекара(Ұлы қорған) сыртындағы барлық иеліктердің зәресін ұшырды» деп жазады.

Иштеми

Түрік қағанатының жабғуы, қағанаттың Батыс бөлігінің билеушісі

-554-576жылдары билікте болды.

-Оның қол астында 10 түмен қол, Батыс Түрік тайпаларының он қолбасшысы болған.

-Қытай деректерінің бірінде 100 мың адамдық әскері бар «он тайпа қағаны» аталды.

-Түріктер өз биліктерін тек шығыста ғана емес, батыс бағытта да жүргізе бастаған.

- Алтайдың теріскейіндегі тайпаларды бағындырды.

-555 жылы түріктер Арал теңізіне дейін жетіп, Қытайдан Әмударияға дейін, Ташкенттен Сырдарияға дейінгі аралықты жаулап алды.

-Орта Азияны басып алудағы басты қарсыласы эфталиттер болды. Эфталиттер (ақғұндар)- Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерді жаулап алған отырықшы тайпалар.

-561-563 жж- эфталиттерге қарсы Иранмен әскери одақ құрды.

-563-567 жж эфталиттерді бағындырды.

-568 жылы соғды көпесі Маниах бастаған түрік елшілігі Константинопольге Византия императоры Юстин ІІ-мен сауда және Иранға қарсы әскери одақ құру шартын жасасты.

-568-569 жылы Иштеми қағанға Византия елшісі Земарх елшісі келеді.Қаған ордасы Талас бойында орналасқан . Земарх елшілігі Византия мен Батыс Түрік қағанаты арасында тікелей сауда орнатуды көздейді.Елшілік мақсаты парсыларға қарсы Түріктермен одақ құру.

Византия елшісі Земарх елшілерді екі оттың арасынан өткізіп, тазалану рәсімін болғандығын жазады.

-Түрік қағанаты мен Византия мемлекетінің одақтасуы нәтижесінде Ұлы Жібек жолының дамуы күшейді.

VІ ғ. 70-жылдарында Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті.

- VІ ғ. ІІ жартысында Түрік қағанатының билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Қытай, Иран, Византия сияқты атақты ірі мемлекеттермен терезесі тең түсіп, оларға өздерінің саяси жағынан ықпалын жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды.

Тобо

-572-581 жылдары билік құрған.

-Қытаймен екі жақты қарым-қатынас орнатқан.

-Ол қайтыс болғаннан кейін қағанаттың өз ішінде соғыстар басталды.

603 жылы Түрік қағанаты екіге : Батыс Түрік- «он оқ елі» және Шығыс Түрік-«көк түріктер» қағанаттары болып бөлінді.

Мәдениеті

-Күлтегін ескерткішінде түріктерде қала болғандығы туралы айтылады. Тараз қаласының маңайынан түріктердің қыстақ- кенттері табылды.

-Ең алғашқы кезеңдерде (V-VІІ ғғ.) түріктердің жерлеу рәсімінде мәйітті өртеу болды. Түріктерде отқа табыну салтыда болды.

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді