Сабақ тақырыбы: Ғылым рөлі
Оқу мақсаттары:
1) Жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын тізіп атау.
2) ғылымның маңызы туралы негізгі ұғымдармен танысу.
Анықтама. Ғылым - адам мәдениетінің ең бір көне, маңызды және өте күрделі компоненттерінің бірі. Ғылым – күрделі зерттеу жүйесі. Зерттеу нәтижесінде жаңа білімдер пайда болады. Ғылыми-зерттеу институттарында жүздеген мың зерттеуші-ғалымдар өзінің білімімен, тәжірибелерімен бөліседі және табиғат, қоғам, адамзат заңдылықтарын зерттеу үшін шығармашылық энергиясын жұмсайды.
Ғылым түрлерін жіктесек, мәселен, жаратылыстану,техникалық, қоғамдық және гуманитарлық деп бөлінеді.
«Жаратылыстану» (жаратылыс – табиғат) сөзі табиғат туралы білім дегенді білдіреді. «Табиғат» сөзіне латын тілінде «natura» сөзі сәйкес келеді. «Табиғат» сөзіне ежелгі грекше «физис» («фюзис») сөзі өте жақын. Алғашында табиғат туралы мағлұматтардың барлығы шынымен де физикаға (ертеректе – «физиология») жатқызылатын.
Жаратылыстану ғылымдарына:
- Биология
- Физика
- Математика
- Геология
- Астрономия
- География
Техникалық ғылымдарға:
- Саулет
- Механика
- Электротехника
Қоғамдық гуманитарлық ғылымдарына:
- Тарих
- Әлеуметтану
- Филология
- Саясаттану
- Мәдениеттану
- Лингвистика
Жаратылыстану ғылымының міндеті
Табиғат заңдарын зерттеу және оларды адам мүддесі үшін пайдалануға жәрдем жасау болып табылады.
Зерттеудің құрылымы және мақсаты: Зерттеуге алынған кез –келген үдерісті не құбылыс зерттеу нысаны болса, оның зерттеу пәні және зерттеу гипотезасы қойылады.
Зерттеу нысаны-не қарастырылады?
Зерттеу пәні –не зерттеледі, зерттеу гипотезасы , алдына ала болжау жасалынады. Мысалы күнделікті қолданыстағы сағыз (орбит) –зерттеу нысаны, зерттеу пәні- сағыздың химиялық құрамы, зерттеу болжамы жасалынады.
Сондай ақ, әр жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысаны, зерттеу пәні болады. Алайда, зерттеу пәніне қарағанда, нысанды зерттеу ауқымы кең .
Фармацефтикада бактерия мен саңырауқұлақтардан антибиотик алу, биология – химия , ал сүт өнімдерін ашыту да биология мен инженерия ғылымдарының тоғысуынан пайда болған жаңа сала биотехнология деп аталады, Сонымен қатар, ғылымдар шегараларында космология, астрофизика, физикалық химия, биофизика және т.б. ғылымдар пайда болып жатыр.
