SABAQ.ONLINE

Тірі ағзаларды жүйелеу

Тірі ағзаларды жүйелеу

Жүйелеу (систематика) – бүкіл тірі ағзаларды сипаттайтын және топ бойынша бөлетін биология бөлімі.

Систематиканың мақсаты - өсімдіктер мен жануарлар түрлерін әртүрлі топтарға жіктеу.

Жүйелеудің маңызы

  • Тірі табиғат алуантүрлілігінде белгілі тәртіп орнату;
  • Тірі ағзалардың туыстығын белгілейді;
  • Эволюцияға толық түсінік береді;
  • Тірі ағзалардың: мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының арғы тегін зерттеу.

Жасуша тірі ағзалардың негізгі құрылымдық және функционалдық бірлігі болып табылады.

Жасушаның үш негізгі құрамдас бөлігі бар:

1) нуклеин қышқылы,

2) цитоплазма және

3) мембрана.

Тірі ағзалар екі топқа бөлінеді: прокариоттар және эукариоттар. Прокариоттарға бактериялар жатады, олар қарапайым құрылысы бар және ядросыз жасушалар болып табылады. Эукариоттарға протистер, өсімдіктер және жануарлар кіреді, олардың жасушаларында ядро және күрделі органоидтар бар. Сонымен қатар, вирустар тіршіліктің жасушасыз формасы ретінде қарастырылады, олар тек тірі жасуша ішінде көбейеді.

Тірі ағзалар екі үлкен топқа бөлінеді: прокариоттар және эукариоттар. Прокариоттарға бір жасушалы ағзалар, мысалы, бактериялар жатады. Олар қарапайым құрылымға ие және көбіне фотосинтез немесе хемосинтез арқылы қоректенеді. Эукариоттарға протистер, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және жануарлар кіреді. Протистер бір жасушалы немесе қарапайым көп жасушалы ағзалар, ал өсімдіктер автотрофты болып табылады, яғни фотосинтез арқылы қоректенеді. Саңырауқұлақтар гетеротрофты ағзалар және олар сыртқы ортадан дайын органикалық заттарды сіңіреді. Жануарлар гетеротрофты, олар дайын органикалық заттармен қоректенеді және қозғалыс қабілеті бар. Вирустар тіршіліктің жасушасыз формасы болып табылады және тек тірі жасуша ішінде көбейе алады.

Тіршіліктің негізгі 5 патшалығы:

  1. Прокариоттар:
  • бір жасушадан тұратын және ядросы жоқ ағзалар;
  • оларға барлық бактериялар жатады;
  • ғаламшарымызда ең бірінші пайда болған тіршілік иелері.

Тіршіліктің негізгі 5 патшалығы:

  1. Протистер:
  • бір жасушадан тұратын және ядросы бар ағзалар;
  • біржасушалы ядролы эукариоттар патшалығы ;
  • амеба, кірпікшелі кебісше, эвглена т.б. жатады.

  1. Саңырауқұлақтар:
  • дайын органикалық заттармен қоректенетін және өмір бойы қозғалмай өсетін ағзалар тобы;
  • өсімдіктерге де, жануарларға да тән ұқсастығы бар, бірақ, екеуіне де жатпайды.

  1. Өсімдіктер:
  • хлорофилл көмегімен жарықтан энергия алуға қабілетті ағзалар;
  • фотосинтезді жүзеге асырып өзіндік қоректенеді және сыртқа оттегі бөліп шығарады;
  • қозғалмайды;
  • бүкіл энергияны өсуге жұмсайды.

  1. Жануарлар:
  • жарықтан энергия алуға қабілетсіз ағзалар;
  • қозғалады;
  • көп энергияны қозғалысқа жұмсайды.

Систематика атасы

Карл Линней - заманауи жүйелеудің негізін қалаған ғалым, систематиканың атасы.

Карл Линнейдің жүйелеуге қосқан еңбектері:

  • Ең алғаш жүйелеуді 1735 жылы “Табиғат шежіресі” атты еңбегінде жариялады;
  • Түр ұғымын енгізді;
  • Түрді атау үшін қос әріп латын атаулары - “бинарлы номенклатураны” енгізді: көл шағаласы, Грейг қызғалдағы.

Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелік категориялары:

  • Өсімдіктерде: Патшалық → Бөлім → Класс → Қатар → Тұқымдас → Туыс → Түр
  • Жануарларда: Патшалық → Тип → Класс → Отряд → Тұқымдас → Туыс → Түр

Өсімдіктерде

Жануарларда

Өсімдіктер ДҮНИЕСІ

Ашықтұқымдылар БӨЛІМІ

Бүрлі өсімдіктер КЛАСЫ

Қылқанжапырақтылар ҚАТАРЫ

Қылқанжапырақтылар ТҰҚЫМДАСЫ

Қарағайлар ТУЫСЫ

Кәдімгі қарағай ТҮРІ

Жануарлар ДҮНИЕСІ

Желілер ТИПІ

Сүтқоректілер КЛАСЫ

Жұптұяқтылар ОТРЯДЫ

Қуысмүйізділер ТҰҚЫМДАСЫ

Таулық жабайы қойлар ТУЫСЫ

Арқар ТҮРІ

Түр - құрылысы, тірішілік ету ортасы ұқсас, өзара шағылысып ұрпақ бере алатын және белгілі аумаққа қоныстанған даралар жиынтығы, жануарлар мен өсімдіктерді жіктеудің негізгі бірлігі.

Популяция - белгілі бір ареалда ұзақ уақыт басқа популяциялардан оқшау тіршілік ететін, бір түрге жататын даралар тобы.

Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысының ерекшелігі

Жан Батист Ламарк - жануарларды омыртқасыздар және омыртқалылар деп бөлді.

  • Омыртқасыздар - ішкі қаңқасы жоқ барлық жануарлар жатады: шеміршегі, сүйегі болмайды.
  • Омыртқалылар - желісі (хорда) бар барлық жануарлар жатады: омыртқа жотасы мен бас сүйегі бар.

Жануарлар әлемі омыртқасыздар және омыртқалылар деп екі топқа бөлінеді. Омыртқасыздарға қарапайымдылар, губкалар, ішекқуыстылар, жалпақ құрттар, жұмыр құрттар, буылтық құрттар, ұлулар және буынаяқтылар жатады. Бұл топқа жататын жануарлардың омыртқасы жоқ. Ал омыртқалыларға желілер типі өкілдері кіреді, бұлар: сүйекті балықтар, шеміршекті балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер. Омыртқалылар тобының негізгі ерекшелігі – олардың омыртқа жотасы бар және күрделі құрылымға ие болуы.

Омыртқасыздардың негізгі типтері.

  1. Қарапайымдылар типі:
  • өкілдері - біржасушалылар;
  • денесі бір ғана жасушадан тұрады;
  • арнайы қызмет атқаратын органоидтары болады: қозғалыс органоидтері, жиырлығыш вакуоль, асқорыту вакуолі, кейбірінде жарықсезгіш көзшелер, қылаулатқыштар.

  1. Губкалар типі:
  • алғашқы нағыз көпжасушалы жануарлар;
  • мұхитта тіршілік етеді, судан сүзіп алған ұсақ жәндіктермен қоректенеді.

  1. Ішекқуыстылар типі:
  • екі қабат қалыптасқан: энтодерма және эктодерма;
  • өкілдері - маржандар, медузалар, гидралар.

  1. Жалпақ құрттар типі:
  • үшінші қабық - мезодерма қалыптасқан;
  • бұлшық ет жүйесі бар;
  • денелері үстінен жаншылған сияқты (сиыр цепені, бауырсорғыш).

  1. Жұмыр құрттар типі:
  • алғаш рет ішкі мүшелері орналасатын дене қуысы пайда болды;
  • дене қуысы сұйықтыққа толы болғандықтан, көлденең қимасы дөңгелек болады (ішексорғылар).

  1. Буылтық құрттар типі:
  • денесі жеке буылтықтарға, сегменттерге бөлінген;
  • алғаш рет қан және қантамырлар жүйесі пайда болған;
  • жүйке жүйесі, сезім мүшелері едәуір күрделі дамыған;
  • өкілдері - шұбалшаң (жауынқұрт), сүлік;
  • омыртқасыз жануарлардың өте маңызды типі.

  1. Ұлулар типі:
  • денесі жұмсақ;
  • денесінде міндетті түрде арнайы тері қатпары - мантиясы (шапанша) бар;
  • ертедегі көпқылтанақты құрттардан бастау алған;
  • өкілдері - ұлулар, устрицалар, сегізаяқтар, теңіз құрттары;
  • мантиясынан бақалшақ (раковина) түзіледі.

  1. Буынаяқтылар типі:
  • сыртқы қаңқасы қатты зат - хитиннен тұрады;
  • денесі буылтықтарға, сегменттерге бөлінген;
  • өкілдері - шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, бунақденелілер (жәндіктер);
  • сан жағынан ең көп таралған тип.

Омыртқалылардың (желілілер) негізгі класстары.

  1. Балықтар:
  • денесі қабыршақтармен қапталған су омыртқалылары;
  • тыныс алу мүшелері - желбезектер.

  1. Қосмекенділер:
  • құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалы жануарлар;
  • даму цикліне байланысты суда (дернәсіл) не құрлықта (бақа) тіршілік етеді;
  • өкілдері - құрбақа, бақбақыл бақа, бақа, құйрықты бақа, саламандралар.
  1. Жорғалаушылар:
  • алғашқы құрлықтық омыртқалы жануарлар;
  • аяқтары тұлғасының екі жағында алшақ орналасқандықтан, денесі жерге тиіп тұрады;
  • жерге жабысып қозғалады;
  • өкілдері - кесірткелер, жыландар, тасбақалар, қолтырауындар.

  1. Құстар:
  • денесі қауырсынмен қапталған;
  • алдыңғы аяқтары қанаттарға айналған;
  • жылықандыларға жатады;
  • әуеде ұшып қозғалады.

  1. Сүтқоректілер:
  • ең жоғарғы құрылымды омыртқалы жануарлар;
  • балаларын тірі туады және сүтпен асырайды;
  • жоғары дәрежелі жүйке жүйесі тән;
  • жылықандыларға жатады;
  • жоғары деңгейлі зат алмасу процесі тән.

Желілілер - омыртқа жотасы немесе желесі (хорда) бар барлық жануарлар.

Дихотомиялық кілттер және олардың қолданылуы

Дихотомиялық кілттер - зерттеліп отырған тірі ағзаның нақты қандай түрге жататынын білу үшін қолданылатын арнайы құрал.

Дихтоматиялық кілттер 2 сатыдан тұрады:

  1. Теза - қандай да болмасын белгінің сипаттамасы, қабылдау.
  2. Антитеза - қарама қарсы белгінің сипаттамасы, теріске шығару.

Әр сатыдағы белгілер сипаттамасы бір-бірін толық жоққа шығарады. Мысалы: теза - жай жапырақтар, антитеза - күрделі жапырақтар.

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді