SABAQ.ONLINE

Адамның пайда болу теориясы

Адамның пайда болу теориялары

Мазмұны:

1. Адамның пайда болуы жөнінде діни көзқарас.

2. Адамның пайда болуы жөнінде ғылыми көзқарас.

3. Эволюция теориясы.

4. Адамның пайда болуы туралы ғарыштық (уфологиялық) теория.

5. Адамның шығу тегінің негізгі кезеңдері.

6. Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы теория.

Адамның пайда болуы жөнінде діни көзқарас

Терминдер:

Креационизм – адам мен бүкіл тіршіліктің тәңірі (немесе құдайдың) тылсым күшінің көмегімен жаратуына сәйкес келетін діни тұжырымдама.

Адамның пайда болуы жөнінде 2 негізгі көзқарас бар:

1. Ғылыми

2. Діни

Креационизм тұжырымдамасын мақұлдайтын әлемдік авраамдық діндер

Иудаизм, христиандық және ислам авраамдық діндерге жатады. Өйткені бұл бірқұдайлық семит тайпасының әйгілі патриархы Авраамнан (исламда – Ибраһим пайғамбар) келе жатқан көне дәстүрден шығады.

Иудей-христиандық «Болмыс кітабына» сәйкес (Бес кітаптың (Торо) алғашқы кітабында және Библияда), 6000 жыл бұрын әлемді қалыптастыру барысында, құдай адамды жаратқан.

Бұл әлем жаралған алтыншы күннің соңында, «жер бетіндегі жан-жануарлар мен жорғалаушылар» жаратылғаннан кейін болған.

Жер бетіндегі алғашқы адам - Адаматаны - құдай топырақтан (балшықтан), ал алғашқы әйел Хауананы - Адамның қабырғасынан жаратқан.

Адам мен Хауа күнә жасап, Жұмақтан жерге қуылғанша жұмақ бақтарында өмір сүрген.

Адамзат баласы Адамата мен Хауанадан тараған.

Құранда әлемнің қалай жаратылғаны туралы, Алланың Адамды топырақтан жаратқаны, оның қабырғасынан - Хауананы жаратқаны туралы бірнеше аятта айтылған.

Авраамдық діндер қатарына жататын әлемнің соңғы діні саналатын ислам иудаизм мен христиандықтың осы ақиқатын қолдайды.

Заманауи дінтанушылардың бірқатары эволюционистер ұзақ биологиялық эволюция мүмкіндіктеріне сенеді, бірақ эволюцияның бағыттау күшін тәңірінің еркі деп есептейді.

Олардың пікірінше, адам деңгейі төмен тіршіліктерден пайда болуы мүмкін еді, дегенмен оның рухы алғашқы жаратылыс сәтінен бастап өзгеріссіз қалды, ал өзгерістер тәңірінің бақылауы мен қалауы бойынша жүзеге асады.

Кейбір халықтардың мифологиясы бойынша адамдарды құдайлар немесе жаратушы бір құдай: сазбалшықтан, демнен, ағаштан, өз денесінен және т. б. дүниелерден жасаса, өзге халықтардың түсінігінде «біртұтас ойдан» (рухтың күшімен) жаратты.

Ал бірқатар аңыздарда адамдар еш нәрседен пайда болған жоқ, өздері жаратылғаны айтылады. Тотемдік діни көзқарас адамдардың пайда болуын тотемдік жануарлармен байланыстырады.

2. Адамның пайда болуы жөнінде ғылыми көзқарас

Терминдер:

Антропогенез – адамның пайда болуы және оның түр ретінде эволюциясы. Антропогенез – саналы адамның (Homo sapiens), яғни қазіргі адамның пайда болуына алып келген биологиялық эволюцияның бөлімі.

Креационизмді ғылыми биогенез теориясы жоққа шығарады – биогенез ғылымы бойынша адамның пайда болуы биогенетикалық өзгерістер нәтижесінде болады.

Эволюцияны зерделеумен физикалық антропология мен палеоантропология, генетика шұғылданады.

Бұл теория бірнеше кезеңдерден өтті:

1. Антропогенездің зерделеудің ғылыми кезеңі XVIII ғ. басталады;

2. 1735 ж. шведтік натуралист Карл Линней адамды хайуандар әлеміне жатқызып, өзінің «Табиғат жүйесінде» оны адамтектес маймылдар қатарына қосты.

3. 1856 ж. неандертальдықтың қаңқасы табылғаннан кейін, қазба организмдер ғылыми – Палеантология дами бастады.

3. Эволюция теориясы

Чарльз Дарвин

(1809-1882)

Дарвиннің пікірлері қызу қолдау да тапты, қатты қарсылыққа да (негізінен, діни ортада) ұшырады.

XX ғасырда, генетика заңдары ашылған соң, Дарвиннің теориясы эволюцияның синтетикалық теориясы деп атала бастады. Синтетикалық теорияға сәйкес, тұқым қуалау ақпараты генде сақталады.

Гендер алуан түрлі факторлардың ықпалымен өзгереді, мұндай өзгерістер мутация деп аталады.

Мутациялар көбіне зиянды немесе бейтарап болады, дегенмен ортаның өзгеріс жағдайларына байланысты индивидке алғашқы нұсқалармен салыстырғанда әлдебір артықшылықтар беруі мүмкін. Алайда орта жағдайларының өзгеруіне байланысты, яғни оған дейін бейтарап немесе зиянды белгілер пайдалы болып табылуы мүмкін.

Мұндай белгілерге ие ағзалар тірі қалады және ол белгілер ұрпағында жалғасын табады. Тұқым қуалаудың мұндай өзгерісі, әдетте, өте ұзақ уақытты, көптеген ұрпақ өмірін алады.

4. Адамның пайда болуы туралы ғарыштық (уфологиялық) теория

Бұл теория ғылыми емес теориялар қатарына жатады.

Ол ХХ ғ. ғылыми-техникалық төңкеріс пен ғарышты меңгеруден соң пайда болды.

Бұл теория адамның пайда болуын жерден тыс ақыл иелерінің қатысуымен болды, яғни өзге ғарыштағылар Жердегі тіршіліктің пайда болуына басынан қатысты немесе кейіннен ұшып келіп, эволюциялық процестерге араласты деп түсіндіреді.

5. Адамның шығу тегінің негізгі кезеңдері

Адам эволюциясы Африкадан басталды.

Парапитектер

Гиббондар, орангутандар, дриопитектер (12-9 млн жыл бұрын)

Горилла, шимпанзе мен бонобо, Австралопитек

1. Австралопитек – екі аяқпен жүруге қабілетті, ми көлемі шамамен 450 – 550 см.

2. 7 – 4 млн жыл бұрын өмір сүрген.

Грацильді австралопитек

6. Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы теория

Адамның шартты түрде ежелгі приматтардан пайда болуы мен олардың эволюциялары биологиялық тек екендігі туралы ғылымда ортақ пікір болса да әрі ғалымдар жаңа палеонтологиялық жаңалықтарды ашу арқылы бұл ұғымды нақтылай түссе де, Жерде қашан тіршілік пайда болды (шамамен 3,5 млрд жыл бұрын) деген сұраққа нақты бір жауап жоқ. Бұл бағытта бірнеше ғылыми теория бар.

Ғарыштық теория

Органикалық емес түзілімдердің органикалыққа айналатыны туралы теория

Химиялық эволюция теориясы

Жерге тіршілік ғарыштан, басқа ғарыштық нысандардан (мысалы, астероидтардан) келді деп болжайды. Соңғы уақыттардағы ғылыми жаңалықтар көрсеткендей, органикалық бірлесулер радиацияны, суық пен судың болмауына да төзімді екенін дәлелдеуде.

Алғаш рет бұл теорияны ХХ ғасырдың 20-жылдарында кеңестік биолог А.И.Опарин ұсынып, оған шартты түрде «алғашқы сорпа» («теория первичного бульона») атауын берді.

бұрынғы тіршіліктің, сыртқы фак-торлар мен өзінен-өзі ұйымдасқан механизмдер әсерімен қарапайым органикалық заттардың күрделі химиялық жүйеге айналуымен түсіндіреді.

Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы өзге де көптеген ғылыми теориялар бар.

Адамзаттың озық ақыл иелері осы маңызды мәселенің шешімін табу үшін тынбай ізденіс жасауда.

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді