SABAQ.ONLINE

Географиялық зерттеу объектісі. География ғылымының дамуы

Конспект сілтемесі

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ

География ғылымының атауын ежелгі грек оқымыстысы Эратосфен белгіледі.

«Гео» - Жер, «графо» - жазамын, яғни «география» термині – «Жерді сипаттап жазу» деген мағынаны білдіреді

ГЕОГРАФИЯ- Жердің қойнауларын, жер бедері мен климатты, мұхиттар мен теңіздерді, топырақтарды, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің таралуын, халықтың қоныстану заңдылықтарын, дүниежүзі шаруашылығының зерттейтін Жер туралы ғылымдар кешені

ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

География тарихы дамудың үш кезеңінен тұрады

  • 1-ші – ерте заманнан XVIII ғ. ортасына дейін (Антикалық кезең)
  • 2-ші - XVIII ғ. ортасынан XX ғ. басына дейін
  • 3-ші – XX ғ. басынан осы күнге дейін

1-ШІ – ЕРТЕ ЗАМАННАН XVIII Ғ. ОРТАСЫНА ДЕЙІН

2-ШІ - XVIII Ғ. ОРТАСЫНАН XX Ғ. БАСЫНА ДЕЙІН

3-ШІ – XX Ғ. БАСЫНАН ОСЫ КҮНГЕ ДЕЙІН

  • Біздің ғаламшар мен оның беті туралы мәліметтер жиналды.
  • Кезең соңында Ұлы географиялық ашылулар дәуірінде құрлықтар, мұхиттар және ірі өзендер туралы жалпы түсініктер қалыптасты.
  • Бұл уақытта жаратылыстану ғылымдары жіктеліп, Жер туралы басқа
  • ғылымдардан бөлініп шықты
  • Жалпы географиядан климатология, топырақтану, геоморфология
  • ерекшеленді
  • Әртүрлі ұсақ масштабты географиялық карталар пайда болды
  • Сол уақыттың ғалымдары экспедиция кезінде жинақталған мол
  • деректі материалдарды өңдей отырып, география ғылымын бекітіп, географиялық құбылыстардың заңдылықтары мен себептерін анықтады
  • Осы кезеңнің басында Жер ғаламшары географиялық жағынан жеткілікті түрде зерттелген болатын. Бірақ Жердің барлық «ақтаңдақтарын» жабу үшін, жетуге жолы қиын аймақтарды (полярлы, биік таулы, тропиктік елдер) зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.
  • Дүниежүзілік мұхитқа басты назар аударылып жатыр. Заманауи географиялық зерттеулер мынандай жаңа әдістерге сүйенеді: аэроғарыштық түсірілімдерді енгізу, электроника және лазер сәулелері секілді жаңа құралдарды қолдану.

n ЕЖЕЛГІ ЗАМАНДАҒЫ ГЕОГРАФИЯ

Географиялық білімін сызба түрінде үңгірлердің қабырғасына, ағаштардың

қабығына және жануарлардың терісіне ойып таңбалаған (Шығыс, Месопотамия, Парсы, Египет жане Финикия халықтары)

Географиялық білімнің Антика кезеңі (б.з.д. IV-ІІ мыңжылдық)

Алғашқы жорық кезінде, шаруашылық іс-әрекеттерге сәйкес жерді өңдеу, суармалы жерлер, жабайы өсімдіктер мен жануарларды қолға үйрету мәселелеріне арналған алғашқы географиялық құжаттар, жаңалықтар жиналды

Ғалым аты

Өміріне қатысты дерек

Еңбегі

Эратосфен (шамамен б.з.б. 275-194 жж.)

Ежелгі грек ғалымы.

Ғалым, астроном, географ және математик

Бірінші рет «география» ұғымын енгізген.

Ғылыми географияның негізін қалаушы.

3 кітаптан тұратын «География» еңбегінде «Жер домалақ пішінді» деген болжам жасады.

«Жер өлшемі туралы» трактат жазды. Ол есептеп шыққан Жер диаметрі шын мәніндегі полярлық диаметрге қарағанда небәрі 80 км ғана кем болған. Бұл еңбекте сол сияқты Күн мен Айдың мөлшері, оларға дейінгі қашықтық, Күн мен Айдың тұтылуы, географиялық ендікке байланысты бір күннің ұзақтығы қарастырылып, бағаланды.

Страбон (б.з.б. 64/63 — б.з. 23/24 жж.)

Ежелгі грек тарихшысы және географы

«География» кітабының авторы (17 кітап).

Мұнда Рим империясы мен оған шекаралас елдер сипатталады.Оның пайымдауынша: «Жер шар тәрізді, оның айналасында Күн мен ғаламшарлар айналып жүреді. Құрлық Еуропа, Азия және Африкадан құралып, ұзынынан созылып жатқан және шығыстан батысқа қарай тарыла түсетін, айналасын су қоршаған біртұтас материктен тұрады».

Фалес және Анаксимандр

Ежелгі грек философтары

Географиялық, өзгерістерді ғылыми тілде түсіндіріп, алғаш рет масштабты қолданып, карта жасаған.

Геродот

Ежелгі грек ғалымы

«Тарих» атты еңбегінде география ұғымына ғылыми тұжырымдама берді.

Қара теңіз бен Каспий теңізі жагалауы, Кіші Азия, Месопотамия жене Египет жерлерінде болып, олар туралы жазбалар қалдырды. Алғашқы географиялық карталарды жасағандардың бірі.

Клавдий Птолемей (б.з.б. ІІ ғ.)

Ежелгі грек ғалымы

Птолемейдің материалдары негізінде IV ғ-да әлем картасы жасалды.

Пифей

Саяхатшы ғалым

Батыс Еуропаның жағалауларында жүзіп, өзінің көргендерін сипаттап жазды. Ол алғаш рет Айдың әсерімен мұхит суының толысуы мен қайтуын түсіндірді.

Аристотель

Жердің шар тәріздес екендігін алғаш рет негіздеген.

ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ ГЕОГРАФИЯ (V—IX;IX—XV ҒҒ.)

Ғалым аты

Өміріне қатысты дерек

Еңбегі

Масуди

Шығыс Африка жайлы еңбегі белгілі.

әл-Бируни

Хорезмдік ғалым

Геодезияның дамуына елеулі үлес қосты.

Идриси

Арабтардың карта құрастырушысы.

ибн Батута

Саяхатшы

Марокколық дін таратушы, саудагер ибн Баттутаны “Магелланға дейінгі барлық уақыттағы ұлы саяхатшы” деп атайды. 24 жыл ішінде (1325—1349 жж.) ол құрлық пен мұхитта 120 мың км жолды жүріп өтті.

Орта ғасырлардағы еуропалықтар белгісіз жерлерге: Қара теңізге, Арабия түбегіне, Эфиопияға, Бұхараға, Самарқандқа саяхат жасаған. Ауғанстан таулары арқылы Үндістанға, Оңтүстік-Шығыс Азияға, Шығыс Африкаға, экваторға жеткен. Ол жүріп өткен елдер туралы мәліметтер орта ғасырлардағы ең толыққанды географиялық еңбек болып саналады.

Махмұд Қашғари

Алғашқы географиялық карта жасаған ғалымдардың бірі.

«Дүние жүзінің дөңгелек картасы» атты еңбегінде түркі халықтарының қалаларына және жер бедеріне сипаттама берген.

Марко Поло (1254-1324)

Италиялық көпес әрі саяхатшы

«Дүниежүзінің алуантүрлілігі туралы кітабы» азиялық елдердің зерттеулеріне ерекше ықпал етті. Бұл кітап - география, этнография, Армения, Иран, Қытай, Қазақстан, Моңғолия, Үндістан, Индонезия және өзге елдердің орта ғасырдағы тарихы жөніндегі құнды дереккөз. Кітабы төрт бөлімнен тұрады.

Біріншісі - Марко Полоның Қытайға сапары кезінде жолшыбай барған Таяу Шығыс пен Орталық Азия аумағын сипаттайды.

Екінші бөлімде - Қытайға сипаттама берілген.

Үшінші бөлімде - Жапония, Үндістан, Шри-Ланка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африканың шығыс жағалауы қамтылған.

Төртінші бөлімде моңғолдар мен олардың солтүстік көршілері арасындағы қақтығыс сипатталады.

Афанасий Никитин

Твердің көпесі

Никитин Ресейден шығып, Персияның үстімен Үндістанға дейін барды.

1472 жылы еліне қайта оралып, көрген-білгендерін «Үш теңіздің арғы жағына саяхат» деген еңбегінде жазып қалдырды.

Ол орта ғасырлық Үндістан туралы біршама толық мәліметтер жазған алғашқы еуропалық саяхатшы.

Бұл португалдардың Үндістанға келуінен 30 жыл бұрын жазылған еңбек.n

ГЕОГРАФИЯ ТАРИХЫНДА ҰЛЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АШЫЛУЛАР ДӘУІРІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Саяхатшылар

Ашылған жаңалықтар

Қосымша

1

Христофор Колумб (1451-1506)

Бұрын еуропалықтарға белгісіз, жаңа материкті ашты.

Колумб өмірінің соңғы күндеріне дейін «мен Үндістанға баратын жолды аштым» деп ойлады.

Саргасс теңізі мен Кариб теңізін, Багам аралдары мен Антиль аралдарын, Оңтүстік Американың солтүстік жағалау бөлігін және Орталық Американың карибтік жағалау сызығын алғаш ашты.

Испандықтар ұйымдастырған саяхат.

Алғашқы экспедицияға 1492 жылы 3 тамыз күні «Санта-Мария», «Пинта» және «Пинья» деген үш кемемен шықты.

2

Америго Веспучи

Америка материгі осы саяхатшы атымен аталады.

3

Фернан Магеллан

«Магеллан бұғазын» ашты

Біртұтас Дүниежүзілік теңіздің барын дәлелдеді және Жердің шар тәрізді екенін тәжірибе жүзінде айғақтады.

Тынық мұхитқа атау берді.

1519 жылы 20 қыркүйекте испандықтар ұйымдастырып шығарды.

4

Герард Меркатор (1512-1594)

Жер мен Айдың глобустарын құрастырумен, дәлдігі жоғары оптикалық құралдар дайындаумен, сондай-ақ география мен астрономияны оқытумен айналысқан.

Палестинаның алты беттік картасын, дүниежүзілік картаны шығарған.

Картада ол алғашқы болып ұзақ уақыт күмән тудырған оңтүстік материктің орналасқан жерін көрсеткен.

Фландрия, Лотарингия, Британ аралдарының картасын құрастырды.

15 бет болып жарық көрген Еуропа картасында алғаш рет Жерорта теңізінің кескінін дұрыс көрсеткен ғалым.

Бірінші атласты ойлап тапты.

Меркатор карталар жиынтығын белгілеу үшін «атлас» терминін алғаш ұсынды. Атластың бірінші бөлімі Франция, Германия мен Бельгияның 51 картасын, екінші бөлімі Италия мен Грекияның 23 картасын, ал үшіншісі Британ аралдарының 36 картасын қамтыған.

Фламандық картограф және географ.

ХХ ғ. басынан осы күнге дейінгі зерттеушілер

5

Александр Гумбольдт

Еуропа, Орталық және Онтүстік Америка, Орал, Сібір табиғатын зерттеген («Жаңа Дүниенің теңесу облыстарына саяхат»).

Өсімдіктер географиясы мен тіршілік формалары туралы білімнің негізін қалаушылардьң бірі.

Туындылары эволюциялық идеялар мен жаратылыстанудағы салыстыру әдісінің дамуына үлкен ықпал етті.

Неміс табиғат зерттеушісі, географ.

6

Миклухо-Маклай Николай Николаевич

Бұрын зерттелмеген Жаңа Гвинея мен Тынық мұхиттың басқа аралдарына бірнеше рет жорыққа аттанған, алғашқы тұрмыстық мәдениетті зерттеген, халықтар туралы құнды материалдар жинаған алғашқы саяхатшы.

Оңтүстік Шығыс Азия, Аустралия және Мұхит аралдарының (1870-1880) жергілікті тұрғындарын, оның ішінде Жаңа Гвинеяның солтүстік-шығыс жағалауының (қазіргі Миклухо-Маклая жағалауы) папуастарын зерттеді.

Өз саяхаттарында ол Индонезия мен Малайя, Филиппин, Аустралия, Меланезия, Микронезия мен батыс Полинезия халықтары туралы мол деректер жинақтады.

Зор жетістігі барлық нәсілдің тендігін практикалық тұрғыдан дәлелдеуі болды.

Орыстың атақты саяхатшысы.

7

Докучаев Василий Васильевич (1846-1903)

Топырақтану және топырақтар географиясы мектебінің негізін қалаушы.

Топырақтың ерекше табиғи дене екендігі туралы ілім құрастырды.

Топырақтың түзілуі және орналасуының негізгі заңдылықтарын ашты.

Орыс геологі және топырақтанушы.

8

Жак Ив Кусто (1910-1997)

1943 жылы Кусто мұхит зерттеулеріндегі жаңа кезеңнің негізін қалады: инженер Эмиль Ганьянмен бірге әлемдегі тұңғыш аквалангті ойлап тапты. Оның көмегімен су астына 90 метр тереңдікке дейін баруға болады. 1946 жылы аквалангтер өндірісі өнеркәсібі іске қосылды.

Кейінірек Кусто бұрынғыдан да жетілдірілген фото және бейнекамералар мен жылдам бұрылатын шағын суасты қайықтарын жасап шығарды.

Әйгілі француз мұхит зерттеушісі.

XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басында орыс саяхатшылары И.Ребров, С.Дежнев, Е.Хабаров, С.Ремезов және басқалары Сібір мен Қиыр Шығысты зерттеді

XVII ғ. орыс саяхатшылары Сібір арқылы Оңтүстік-Шығысқа, Орта Азияға, Үндістанға, Моңғолияға жане Қытайға өтті

Орыс елшілері И.Петлин және Ф.Байков, n Н. Спафарияның Қытайға саяхаты көптеген географиялық мәліметтер жинады

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді