Интерактивті конспект
💻 Жұмыс дәптері: Компьютер жады
1️⃣Тапсырма - 1: Бос орындарды толтырыңыз
Қолдану керек сөздер: сақтау,уақытша , уақытша, өңдеу , ұзақ мерзімге.
Жады — бұл компьютердің негізгі құрылғысы, ол ақпаратты ____________ және ____________ үшін қызмет етеді. Жады деректерді ____________ мен ____________ сақтау үшін қолданылады.
Жедел жады (RAM) — деректерді ____________ сақтау үшін қолданылатын жады.
2️⃣Тапсырма - 2: Жадының түрлерін толықтырыңыз
Берілген сурет бойынша, жадының түрін (ішкі, сыртқы), жадының атауын, сипаттамасын толтырыңыз.
Жады суреті | Жады түрі | Жадының аты | Сипаттама |
---|---|---|---|
__________________ | __________________ | __________________ | |
__________________ | __________________ | __________________ | |
__________________ | __________________ | __________________ | |
__________________ | __________________ | __________________ | |
__________________ | __________________ | __________________ |
3️⃣Тапсырма - 3: Сәйкестендіріңіз
Мына терминдер мен олардың сипаттамаларын сәйкестендіріңіз:
№ | Термин | Сипаттама |
---|---|---|
1. | Сыйымдылық | Компьютер өшкен кезде деректердің сақталуы. |
2. | Жылдамдық | Жадының жұмыс істеу кезінде қанша энергия жұмсайтыны |
3. | Энергия тұтыну | Жадыдағы деректерді сақтау көлемі. |
4. | Тұрақтылық | Процессор мен жады арасындағы деректер тасымалдауы мен жылдамдығын арттыруға көмектесетін өзара әрекет. |
5. | Процессор мен жадының өзара әрекеті | Деректерді жазу және оқу жылдамдығы. |
4️⃣Тапсырма - 4: Терминдер мен сипаттамалардан жұп жасаңыз
Төменде көрсетілген терминдермен жұп жасаңыз:
- Жедел жады
- Тұрақты жады
- Кэш жады
- Флэш-жад
- CMOS-жад
Сипаттамалар:
1. Процессордың жылдамдығын арттыруға көмектесетін жады.
2. Тек оқуға арналған жады, ішіндегі ақпарат өзгертілмейді.
3. Құрылғылардың параметрлерін және уақытты сақтайтын жады.
4. Деректерді уақытша сақтайтын жады, ол компьютер өшкенде деректерді жоғалтады.
5. Ұзақ мерзімді деректерді сақтайтын құрылғы.
5️⃣Тапсырма - 5: Дұрыс/Қате сұрақтары
Астындағы тұжырымдарды дұрыс немесе қате екенін анықтаңыз:
1. Тұрақты жады — деректерді тек оқуға арналған.
2. Кэш жады — деректерді сақтайтын жады, бірақ компьютер өшкенде мәліметтер сақталады.
3. Флэш-жад — ақпаратты сақтау үшін электрлік сигналдарды пайдаланатын құрылғы.
4. CMOS-жад — құрылғылардың уақытты сақтайтын жадысы.