Көптаңбалы сандар
Пән: математика 4-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Көптаңбалы сандар. Сандар реті
Оқу мақсаты: көптаңбалы сандардың құрылу жолын түсіну, натурал сандар қатарындағы 1 000 000 көлеміндегі санның орнын анықтау, көптаңбалы сандарды оқу, жазу, және салыстыру
Анықтама.
1.Әрбір класта 3 разрядтан бар.
2. Әр класс бойынша разрядтардың атауы ұқсас: бірліктер, ондықтар, жүздіктер.
3. Бірліктер класында санау бірліктермен, мыңдар класында – мыңдармен, миллиондар класында – миллиондармен жүргізіледі.
Үшінші класс (миллиондар класы) |
Екінші класс (мыңдар класы) |
Бірінші класс (бірліктер класы) |
||||||
Жүздік миллион дар |
Ондық миллион дар |
Бірлік миллион дар |
Жүздік мыңдар |
Ондық мыңдар |
Бірлік мыңдар |
Жүздік тер |
Ондық тар |
Бірлік тер |
|
|
|
|
|
5 |
1 |
0 |
7 |
|
|
|
|
4 |
5 |
0 |
0 |
8 |
|
|
|
3 |
4 |
5 |
0 |
6 |
0 |
|
|
|
3 |
6 |
0 |
2 |
8 |
9 |
|
|
1 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
Анықтама. Көптаңбалы сандарды жоғарғы разрядынан бастап салыстырады.
1-тапсырма. Сандарды оқы және салыстыр.
5 980 < 9 000 489 000 > 213 478
125 < 55 352 650 000 > 65 000
33 000 < 100 055 999 999 < 1 000 000
Анықтама.
Көптаңбалы санды дұрыс жазу үшін:
- жоғарғы кластың бірліктер санын жаз;
- келесі кластың бірліктер санын жаз;
- ыңғайлы болу үшін әр үш цифрдан оңнан солға қарай санап, арасын ажырат.
2-тапсырма. Сандарды өсу ретіне қарай орналастыр.
101 110 110 100 100 011 101 001
Мұнда:
100 011 101 001 101 110 110 100
3- тапсырма. Шетелдік турист айтылған сандарды жазып алғысы келді. Бірақ естуі бойынша жазғандықтан, көп қате жіберді. Оған бес жүз бесті атады, ал ол 5 005 деп жазды. Бес жүз елудің орнына ол 50 050 деп жазды. Бес мың елудің орнына 500 050 деп жазды. Туриске айтылған сандарды дұрыс жазып көрсет.
Турист жазып алған сандарды оқы.
Шешуі:
(Сандар сыныптары арасында бос орын қалдыруды ұмытпаңыз.)
бес жүз бес = 505 , бес жүз елу = 550, бес мың елу =5 050
Турист жазып алған сандар:
5 005=бес мың бес, 50 050=елу мың елу, 500 050=
бес жүз мың елу
4-тапсырма. Көптаңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде қалай жазуға болады? Мысалды қара. Берілген сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.
Мысалы: 71 362 = 70 000 + 1 000 + 300 + 60 + 2
902 005 = 90 000 + 2 000 + 5
456 000 = 400 000 + 50 000 + 6 000
250 452 = 200 000 + 50 000 + 400 + 50 + 2
950 402 = 900 000 + 50 000 + 400 + 2
5-тапсырма Мәтінді оқы. Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде көшіріп жаз.
Қазақстанның солтүстігі мен батысында Ресеймен – 7 591 км, шығысында Қытаймен – 1 782 км, оңтүстігінде Қырғызстанмен – 1 241 км, Өзбекстанмен – 2 354 км, Түрікменстанмен 426 км ортақ шегарасы бар. Еліміздің құрлықтағы шегарасының жалпы ұзындығын тап.
7 591 = 7 000 + 500 + 90 + 1
1 782 = 1 000 + 700 + 80 + 2
1 241 = 1 000 + 200 + 40 + 1
2 354 = 2 000 + 300 + 50 + 4
426 = 400 + 20 + 6
Шешуі:
7591+1782+1241+2354+426=13 394
Жауабы: Еліміздің құрлықтағы шегарасының жалпы ұзындығы 13 394 км
6-тапсырма. Есепті теңдеудің көмегімен шығар.
Қала мектептерінің бірінде бастауыш сыныпта 260 оқушы, ортаңғы сыныпта 340 оқушы, ал қалғаны жоғары сыныпта оқиды. Егер мектепте барлығы 980 оқушы болса, жоғары сыныпта қанша бала оқиды?
260+340+х=980
600+х=980
х=980-600
х=380
260+340+380=980
980=980