Конспект
Конспект
0-сабақ. Химиядағы математиканың негіздері
Жоспар:
1. Өлшем бірліктері (СИ жүйесі)
2. Ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ)
3. Дәрежелер
4. Пропорциялар мен формулаларды құрастыру
5. Пайыздар
Негізгі СИ өлшем бірліктері:
Ұзындық — метр (м)
Масса — килограмм (кг)
Уақыт — секунда (с)
Температура — Кельвин (K)
Зат мөлшері — моль (моль)
Көлем — м3
Қысым — Паскаль (Па)
Энергия — Джоуль (Дж)
Масса бірліктері:
1 кг = 1000 г → 1 г : 1000 = 0,001 кг
1 т = 1000 кг → 1 кг : 1000 = 0,001 т
1 г = 1000 мг → 1 мг : 1000 = 0,001 г
Ұзындық бірліктері:
1 километр (км) = 1000 м → 1 м : 1000 = 0,001 км
1 метр (м) = 10 дм → 1 дм : 10 = 0,1 м
1 метр (м) = 100 см → 1 см : 100 = 0,01 м
Көлем:
1 литр = 1 дм3 = 0,001 м3
Уақыт:
1 сағат = 60 минут
1 минут = 60 секунд
Мысалдар:
Сабақ ұзақтығы: 45 минут = 45×60 = 2700 секунд
Түнгі ұйқы: 8 сағат = 8×60 = 480 минут
Автобусты күту: 10 минут = 10×60 = 600 секунд
Температура:
Қалыпты жағдайда (қ.ж.): 0°C = 273 Кельвин (K)
Бөлме температурасы: 25°C
Адамның дене температурасы: 36,6°C (градус өлшегіш)
Қайнаған судың температурасы: 100°C (шәйнек)
Ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ) — берілген сандардың әрқайсысына қалдықсыз бөлінетін ең кіші оң сан.
Мысалдар:
4 санының еселіктері: 4, 8, 12, 16, 20, 24, …
6 санының еселіктері: 6, 12, 18, 24, 30, …
ЕКОЕ (4, 6) = 12
Санның дәрежесі — бірдей көбейткіштердің қысқаша жазылуы.
an = a·a·a·…·a (n рет көбейткіш)
Мұндағы:
a — дәреженің негізі
n — дәреже көрсеткіші
Мысалдар:
23 = 2·2·2 = 8
51 = 5
70 = 1 (кез келген санның нөл дәрежесі 1-ге тең)
Пропорция — екі қатынастың теңдігі.
Жазылады: a/b = c/d
Пайыз (лат. «percentum») — санның жүзден бір бөлігі.
1% = 1/100 = 0,01
Мысалдар:
Санның 50% — бұл жартысы (1/2)
Санның 25% — бұл ширегі (1/4)
100% — толық сан