Терминология
Терминология
0 - сабақ. Химиядағы математиканың негіздері
Термин
Анықтама
Мысал
Көлем
Дененің немесе заттың кеңістікте алатын орны
Егер стақанға 200 мл су сыйса, оның көлемі 200 мл
ЕКОЕ (ең кіші ортақ еселік)
Берілген екі немесе бірнеше санға қалдықсыз бөлінетін ең кіші сан
ЕКОЕ (2, 6) = 6
Дәрежe
Санның өзін-өзі бірнеше рет көбейтуін ықшам түрде жазу тәсілі
3-дәрежеге көтеру дегеніміз – санды өз-өзіне 3 рет көбейту
Масса
Дене құрамындағы зат мөлшерін сипаттайтын физикалық шама
Автокөліктің массасы ≈ 1,5 т (1500 кг)
Уақыт
Қандай да бір құбылыстың қанша уақытқа созылатынын немесе ұзақтығын көрсететін физикалық шама
Фильмнің ұзақтығы – 2 сағат (120 минут)
Температура
Дененің қаншалықты ыстық немесе суық екенін сипаттайтын физикалық шама
Күннің температурасы ≈ 6000°C
Пайыз
Бөлікті 100-ге қатысты көрсету тәсілі
Статистика бойынша адамдардың 70%-ы тәттіні ұнатады