SABAQ.ONLINE

Терминология

Терминология
1-сабақ. Оқу сауаттылығының негіздері: Сөз таптары
Термин
Анықтама
Мысал
Тіл
Адамдардың қарым-қатынас құралы, белгілер мен ережелер жүйесі
Қазақ тілі, ағылшын тілі
Атауыш сөздер
Нақты ұғымды, затты, қимылды, санды білдіріп, сөйлемде мүше бола алатын мағыналы сөздер
Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, еліктеу сөз
Көмекші сөздер
Мағынасы солғындау, негізгі сөздердің мағынасын толықтырып, байланыстыратын сөздер
Шылау, көмекші етістік (еді, екен, жатыр), көмекші есім (үсті, асты, қасы), модаль сөз (бәлкім, мүмкін)
Зат есім
Затты, құбылысты, деректі не дерексіз ұғымды білдіреді, кім? не? сұрақтарына жауап береді
Кітап, мұғалім, мектеп, ерлік
Етістік
Қимыл-әрекетті, күйді білдіреді, не істеді? не істеп жатыр? не істемек? сұрақтарына жауап береді
Оқыды, жүр, жазып отыр, барамын
Сын есім
Заттың сынын, сапасын, түр-түсі мен дәмін білдіреді, қандай? қай? сұрақтарына жауап береді
Биік тау, көк көйлек, тәтті алма
Сан есім
Заттың санын, ретін білдіреді, қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап береді
Үш кітап, бесінші қатар, екіден
Есімдік
Заттың атын тікелей атамай, оны нұсқап көрсетеді
Мен, сен, ол, осы, анау, бәрі
Еліктеу сөз
Дыбысқа, қимыл-қозғалысқа еліктеуді білдіреді
Тарс, гүрс, жалт, жарқ
Үстеу
Қимылдың, сынның белгісін, мезгілін, мекенін, амалын білдіреді
Бүгін, қазір, әлдеқашан, жоғары, тез
Шылау
Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын немесе мағыналық реңк үстейтін қызметтік сөздер; үш тобы бар: жалғаулық, септеулік, демеулік
Және, бірақ; үшін, дейін, туралы; ғана, ғой, ма
Одағай
Сезім-күйді, қаратпа-іріктеу мағыналарын білдіретін, сөйлем мүшесі болмайтын сөздер
Ой, паһ, әй, әттеген-ай
Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді