Сұрақтар базасы
Сұрақтар базасы
1-сабақ. Оқу сауаттылығының негіздері: Сөз таптары
Сұрақ
Жауап
Тіл дегеніміз не?
Қарым-қатынас құралы, белгілер мен ережелер жүйесі
Атаушы сөздер деген не?
Дербес мағынасы бар, сөйлем мүшесі бола алатын сөздер
Көмекші сөздер деген не?
Мағынаны толықтырып/байланыстыратын, дербес мүше бола бермейтін сөздер
Зат есім нені білдіреді?
Заттың атын; кім? не?
Етістік нені білдіреді?
Қимыл-күйді; не істеді? не істеп жатыр?
Сын есім нені білдіреді?
Заттың сыны, сапасы; қандай? қай?
Сан есім нені білдіреді?
Сан-мөлшер, реттік; қанша? неше? нешінші?
Есімдік қандай қызмет атқарады?
Затты тікелей атамай, нұсқап/алмастырып көрсетеді
Үстеу нені білдіреді?
Қимылдың мезгілі, мекені, амалы, дәрежесі
Еліктеу сөз нені білдіреді?
Дыбысқа, қимыл-қозғалысқа еліктеуді
Шылау деген не?
Байланыстырушы/реңк үстейтін қызметтік сөз
Шылаудың топтары қандай?
Жалғаулық, септеулік, демеулік
Одағай деген не?
Сезім-күйді білдіретін, сөйлем мүшесі болмайтын сөз
Қай сөз табы «кім? не?» сұрағына жауап береді?
Зат есім
Қай сөз табы «не істеді?» сұрағына жауап береді?
Етістік