SABAQ.ONLINE

Мотивациялық қанатты сөздер

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

ҰБТ-ға уақыт таяп қалды. Дайындықты күшейтіп, жауапкершілікті сезінетін кезең... Назарларыңа қазақ зиялыларының қанатты сөздерін ұсынамыз: 

1. Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді. Шоқан Уәлиханов

2. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды. Абай Құнанбайұлы

3. Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

4. Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек. Ахмет Байтұрсынұлы

5. Оқу - білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек. Ғабит Мүсірепов 

6. ... біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді. Қаныш Сәтбаев

7. Сен де - бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан! Абай Құнанбайұлы

8Білгенге - қиын емес кету байып. Міржақып Дулатұлы

9. Жас мұраты, білім, тәлім — талабы...

Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы. Ілияс Жансүгіров

10Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден. Әлихан Бөкейханов  

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді