SABAQ.ONLINE

Болон білім беру жүйесі

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Болондық білім беру жүйесі бүгінде 48 елде жұмыс істейді. Ол Болон процесі – Еуропалық жоғары білім беру аймағын құру қозғалысының нәтижесінде пайда болды. Бұл процеске Қазақстан 2010 жылы қосылды. Содан бері бізде жоғары оқу орындары осы білім беру жүйесі бойынша жұмыс жасап келеді.

Болон процесінің негізгі мақсаттары: еуропалық жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту, университеттер мен елдер арасындағы ұтқырлықты арттыру, білімнің заманауи еңбек нарығының талаптарына сай болуы үшін мамандардың біліктілігін арттыру.

Болон процесі бойынша мамандарды дайындаудың үштік моделі қалыптасты – бакалавриат – магистратура – PhD.

Бұл жүйенің артықшылықтары көп: шетелде академиялық ұтқырлық бойынша білім алу мүмкіндігі, студенттер өз таңдаулары бойынша оқу жоспарын құрастыруы, білім деңгейінің жоғарылауы, білім бірыңғай жүйеде беріледі. Бұл кемшіліктері жоқ деген сөз емес. Қазіргі уақытта бакалавриат бітірген мамандарды «аяқталмаған жоғары білім» деп қабылдайды. Сондай-ақ, магистр, PhD – докторларға қарағанда бакалавр мамандарының жалақысы аз. 

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді