SABAQ.ONLINE

Жазғы демалыс аяқталды: Оқушылар өзгеріске дайын ба?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматқа ауысып, онлайн білім алған оқушылардың күнделікті өмірінде үлкен өзгерістер болатыны анық. Сабақ оқу, тұрақты үй тапсырмасын орындау секілді міндеттерге бей-жай қарап келдік. Проблема көп. Қалай шешуге болады? Оқушылардың жаңа оқу жылын бастауға негізгі кедергілермен қалай күресеміз?  

Жазғы демалыстан кейін оқушылар мектепке қалай дайындалу керек?

Бірінші, негізгі және қосымша сабақ кестесін қарап шығыңыз. Кесте бойынша жұмыстарды реттеп, бір жолға қойыңыз. Бірден бүкіл жұмысқа кірісудің қажеті жоқ, арасында демалуды да ұмытпаңыз.

Екінші, қарапайым заттардан, есте қалатын ерекше нәрседен бастаңыз. Ең сүйікті қаламсабыңызды шығарып, сабақ үстеліңізді ретке келтіріңіз. Кітаптар сөресінің бірінші қатарына осы жылы оқитын кітаптарды орналастырыңыз.

Өткен сабақтарды күнделікті уақыт арнап, асықпай, өзіңізді қинамай қайталап шығыңыз. Бірден күш салмаңыз.

Өзгерісті қалай қабылдау керек?

Өзгеріс – фактілер мен шынайы болған оқиғаларға берілген баға. Ол сізге және айналаңыздағы ортаға да әсер етеді. Сондықтан үрейге берілудің қажеті шамалы. Мәселен, бұрын тым ұялшақ әрі өз ойыңызды жеткізуде қиындық болған болса, өзгерістен кейін бұл мәселе шешіліп, өзіңізді тәрбиелеген болсаңыз, одан қорықпаңыз. Сіздің мектептегі достарыңыз да сізбен бірдей сәтті басынан кешті. Бойыңыздың өскені, шашыңыздың тым қысқа алынғаны секілді қиындықтар болса да, алаңдамаңыз. Оқудың бірінші күні-ақ оны достарыңыз, сыныптастарыңыз ұмытып кетеді.

Бұрын мектепте қандай болдыңыз, сол қалпыңызды сақтаңыз. Оған өзгеріс әсерін тигізбейді.

Өткен жылда қалған конфликтерді қалай жеңеміз?

Өткен оқу жылында сәтсіз қадамдар болған болуы мүмкін. Тіпті ол белгілі бір конфликтіге апарған болса да, оны шешуге болады. Мәселен, сыныптағы досыңыз дзюдоға, сіз каратэге қатысасыз. Екеуіңіз сыныпта бір-біріңізбен бәскелесіп, арада конфликт орнады. Ал жаз бойы екеуіңіз де түрлі жарыстарға қатысып, досыңызбен бірге бірнеше жарыста бақ сынадыңыз. Алайда досыңыздың спорт түрінің өзінше ерекшелігі мен кемшілігі бар екенін, сіздің спорттың да өз алдына жетістікке жетуге болатын жолы бар екенін түсіндіңіз. Ендеше сізге жаңа оқу жылында сол досыңызбен жақын болу керек. Керісінше, онымен бірге ақылдасып, қателіктерден сабақ алып, білгенді үйретіп, бірге даму керек.

Оқу жылы енді басталады. Қазірден бастап оқу ортасында болатын немесе тоқсан соңына қарай болатын емтихандарды ойлап, алдағы болатын түрлі кедергілерге жауап іздеуге асықпаңыз. Ең алдымен бойды еркін ұстап, шынайы қалыпта оқу жылының басталуын, қызықты сәттердің көп болуын күтіңіз. Осыдан кейін барып қана, уақыт өте келе келетін мәселе бойынша шешім қабылдап, әрекет етесіз.

Миға және жүрекке, психологияға әсер ететін бүкіл проблеманы бір уақытта жинап алудан қашыңыз. Егер қазірден бастап оларды шешуді ойласаңыз, бір-бірден, ақырын қадам басып, әрекет етіңіз. Бұл сізге тек пайдасын тигізеді.

Ошибка

Какую ошибку вы нашли?

Какой вопрос вы хотите задать?

На ваш вопрос учитель ответит в прямом эфире, запланированном на конец недели