SABAQ.ONLINE

ҰБТ-ға бір күн қалғанда не істеу керек?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

ҰБТ - оқушылар үшін үлкен сынақ. Білімнің күштілігімен қатар психологиялық, эмоциялық та дайындық қажет.  Қазір университетте грантта білім алып жүрген студенттер ҰБТ-ға бір күн қалғанда не істеді? Бірге білейік enlightened

Дана, ЕҰУ-дің 2 курс студенті:

- Мен ҰБТ-ға бір күн қалғанда тарихты қайталап шықтым.

Қолымнан келгенше бәрін еске түсіруге тырыстым.

Сүрелер оқыдым, Құран тыңдадым, барлық ритуалды жасадым. ҰБТ тапсыратын күні таңертең жаттығу жасап, барынша жақсы көңіл-күйде, еш алаңсыз болуға тырыстым.

Сабина, ЕҰУ-дің 2 курс студенті:

- ҰБТ-ға екі күн қалғанда бәрін қайталап шықтым.

Ал, бір күн қалғанда дым дайындалмадым.

Тұмарымды оқытып, күннің астында ұстадым. Не істемедім десеңіздерші? Дұға оқыдым, афирмация айттым, медитация жасадым.

Айым, Е.Бөкетов ат. ҚМУ-дың 2 курс студенті:

- Сливтерді бір қарап шықтым. Ұйқымды жақсылап қандырып барам деп ойлағанмын. Бірақ құрбыммен таңға дейін әңгімелестік.

Содан дайындалмай, ешнәрсе істемей ҰБТ-ға кірдім. 

Алтынай, Қарағанды медициналық университетінің түлегі:

- ҰБТ-ға бір күн қалғанда достарымызбен кездесіп, бірге дайындалдық.

Менде қорқыныш басым болды.

Түнде қобалжығаннан ауырып та қалдым. Бірақ екінші күні өзімді ұстап, жиналып, ҰБТ-ны жақсы тапсырып шықтым. 

Санжар, ҚазАТУ-дың 2 курс студенті:

- Барлық оқығанымды қайталадым. ҰБТ-ны ойламауға, қорықпауға тырыстым. Барынша тек жақсылықты ойладым. Үлкен сенімім болды. Тапсырып шыққан достарыммен сөйлесіп, атмосферасын сезінуге тырыстым.

Негізі, қатты алаңдап, қорқып керегі жоқ екен. 

Ақерке, ЕҰУ-нің 2 курс студенті:

- Мен барлық тесттен өте аз алдым. Соңғы үмітім сол ГРАНТ ҰБТ-да болды. Менің туған күнім 1 шілде, ал ҰБТ күнін 30 маусымға таңдадым.

Егер аз  балл алсам, үйдегілер туған күнімде ұрыса алмайтын еді.

Бірақ барынша дайындалдым. 1000 сұрақты шығарып алып, жаттадым. Түнде де ұйықтамай, дайындалған едім

Міне, достар, бәрінде уайым мен қорқыныш болады. Бірақ бұл өте қалыпты жағдай. Ең бастысы өзіне деген сенімді жоғалтпау керек.

"Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Ақылың мен еңбегің екі жақтап".

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді