SABAQ.ONLINE

Грант өмірдің соңы ма?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Мектеп бітірген әр түлек грантқа түсуді армандайды. Жыл бойы тырмаштанып, оқып, ҰБТ-ға дайындалады. Бірақ “бақ шаба ма? бап шаба ма?” демекші, грантқа келгенде жоғары балл жинап тұрған талапкердің өзі түспей қалады. Ал, грант өмірдің соңы ма?

Әрине, қанша уақыт қиналып, күшіңді жұмсағаннан кейін еңбек ақталмаса мұнаясың. Жылайсың, өзіңді жазғырасың. Бірақ бұл пайда әкеле ме? Жоқ.

Иә, сенің де басқалар секілді тегін оқығың келеді. Сен де ата-анаңның үмітін ақтағың келеді. Оларға ауыртпашылық салғың келмейді. Бірақ бұл тағдыр ғой. Жарайды, университетке түсе алмадың. Сенде таңдау әлі көп. Ақылы оқу немесе колледж. Тіпті, мұны қаламасаң 1 жыл уақытыңды қайта ҰБТ-ға арна.

Өмірден мысал келтірейін:

Менің бір құрбым грантқа түсе алмады. Ата-анасы оны колледжге түсірткізді. Қыста қалып қойған грант бойынша ол грантқа ілікті.

Бір құрбым бар, ол да грантқа түспеді. Қайғырмады, жыламады. 1 жыл уақытын дамуға арнады. Өзінің қабілеттерін арттырды. ҰБТ-ға жақсылап дайындалды. Нәтижесінде келесі жылы универге грантқа ілікті.

Егер сен бұл жазбаны оқып отырсаң, маған сен. Грант - өмірдің соңы емес, бастамасы. Білесің бе? Сенің алдыңнан 100 есік жабылуы мүмкін. Бірақ 101-ші есік қайта ашылады. Сондықтан мұңайма. Сенің болашағың әлі алда!

Ошибка

Какую ошибку вы нашли?

Какой вопрос вы хотите задать?

На ваш вопрос учитель ответит в прямом эфире, запланированном на конец недели