SABAQ.ONLINE

Грантқа құжат қабылдау қашан басталады?

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Грантқа құжат тапсыру 13 шілдеде басталады. Негізгі ҰБТ 16 мамырда басталған болатын. Осы тестілеу нәтижесінде түлектер мемлекеттік грант конкурсына қатыса алады. Биыл негізгі ҰБТ-ға 166 мың талапкер өтініш берген.

13-20 шілде аралығында грантқа құжат қабылданса, ал грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жариянады. Жоғары оқу орындарына қабылдау  25 тамызға дейін жүргізіледі.

Биыл білім гранттарының жалпы саны 88 мыңды құрайды. Оның ішінде бакалавриат – 73 мың грант, магистратура – 13 мың, докторантура – 1890 грант.

Барлық гранттың 60%-ы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінген. Сонымен қатар тығыз орналасқан, жаңа құрылған және батыс аймақтардағы жастар үшін арнайы гранттар қарастырылған. 2023 жылы өңірлік жоғары оқу орындарына бөлінетін педагогикалық квоталардың саны артты. Яғни 6280 грант бөлініп отыр. "Серпін" бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінген. 

Білім беру гранттарына қатысу үшін құжаттар тізімі:

  • Жеке куәлік (көшірмесі)
  • Аттестат (түпнұсқа)
  • ҰБТ сертификаты (түпнұсқа)
  • Фото 3х4 (6 дана)
  • Тіркеу куәлігі (әскери комиссариат, жасөспірімдер үшін)
  • Медициналық анықтама 086У
  • Медициналық анықтама 063
Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді