SABAQ.ONLINE

Интроверттерге қолайлы мамандықтар

Редакция
Редакция
SABAQ.ONLINE

Интроверттер жалғыздықты жақсы көреді. Олар көбінесе шығармашылық адамдар. Интроверттерге қандай мамандықтар қолайлы? 

1. Редактор (копирайтер, контент-менеджер, аудармашы). Бұл мамандықтардың журналистерден айырмашылығы - жаңа таныстықтар аз болады және публика алдында жиі сөйлемейді. Олардың міндеті - мәтін жазу. 

2. Техник-монтажшы (электрик). Монтажшы әртүрлі құрылыс элементтерін, электр жабдықтарын, коммуникацияларды, сантехниканы орнатуға және қосуға жауапты. Ал өнеркәсіптік кәсіпорындардың күнделікті жұмысында – монтажшылар электр желілерін тартады, автомобильдерді, кемелерді, ұшақтарды құрастыруға қатысады. 

3. Программист. Олар мобильді қосымшаларды, бағдарламалық өнімдерді, алгоритмдерді жасайды. Елімізде бұл маман иелерінің жалақысы жоғары. 

4. 3D-визуализатор. Сызбаларды, эскиздерді, мәтінді және басқа да материалдар түрлерін пайдаланып жоба жасайды. Ол жобалау, модельдеу және ландшафттық агенттіктерде, өнеркәсіптік және жеке құрылыста қажет. 

5. Дәрігер-диагностика. КТ, МРТ, ультрадыбыстық, рентгенографияға арналған құрылғыларды пайдалана отырып, адам ағзасын зерттеуді жүзеге асырады. Олар көбінесе күрделі, қауіпті, емделмейтін ауруларды диагностикалайды.

Қате

Қандай қате таптыңыз?

Қандай сұрақ қойғыңыз келеді ?

Cіздің қойған сұрағыңызға мұғалім аптаның аяғына жоспарланған тікелей эфирде жауап береді